Балалар әдебиетін сандық дәуірге лайықтайық!
Балалар әдебиеті туралы сөз еткен шақта осы тақырыпты көтеріп жүргендер ешкімге керексіз бөстекі сөзге көп үйір болып кеткен жоқ па деген ойға қалатынымыз рас.
Шындығын айтар болсақ, әлеуметтік желіде балалардың тәрбиесіндегі жас ұрпақты ана тілмен сусындатудың жолдары, ұлт болашағы туралы тақырыптар мүлдем ауызға алынбайтын болды. Ауызға алынбайтын себебі, былайғы жұрт аталған мәселені тек қазақ тілі мұғалімінің, тіл білімі саласының мамандары һәм Тіл басқармасының атқаратын жұмыс деп санайтын түсінік санамызда берік қалыптасып кетті.
Бұл арада айтпағымыз интернеттің кеңінен қанат жаюы соңғы жылдары журналдарының таралымын мүлдем азайтып жіберді. Кезінде танымал ақын-жазушы, қоғам қайраткерлеріның туындылары жарық көрген «Балдырған», «Ақжелкен» журналы мен «Ұлан» газеттерінің де басынан бақтары тая бастады. Шынымызды айтсақ, ана тілімізді үйрету балалар басылымынан басталады. Бірақ оларды заманға бейімдеп шығару жағы осы ұжымдар тарапынан ескерілмей отырған жайы бар.
Чат ашып, оған ата-аналарды тартып, мемлекет бөлген ақшаға штат ашып, белсенді тұлғаларды тартар болса, тиын-тебен төлеп жастарға шығармалар жазырар болса, «Ұрпағымыз қазақша сөйлемейтін болды» деп үйде отырып зар қақсйатын ата-аналармен пікір бөліссе, осы бір «жұқпалы індеттің» алдын алудың жолын қарастыруға қоғамды жұмылдырса көп нәрсе бітер еді.
Қазір балалар БАҚ бір бөлек, оның оқырмандары жас балдырғандар бір бөлек әлемде өмір сүріп жатыр. Балалар БАҚ менджерлік әбжілдік жоқ. Мектепалды даярлық тобы, бастауыш сынып оқушыларына сабақ арасында балаларға арналған газет-журналдар ютуб арналар ашса, обылстық білім басқармаларымен бірлесіп жұмыс жасаса көп нәрсенің орны толар еді. Осы ютуб арналарда төбе көрсеткен өзі қатарлы оқушылардың тырнақалды дүниесін тыңдаған жас өскін жазуға құлшынысы оянып, қолына қалам алып, шығармашылық әлемінің босағасын аттар еді.
Ақын-аудармашы Ерік Қайратбекұлы құрған Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылары одағы» осы бағытта көп нәрсе істеп жүр. Балалар әдебиетін даымтудың бастау көзі аудармада жатыр. Қазір «Сандық дәуір» қазақ тілінсіз дамып жатыр. Қандай өкінішті. Цифрлық дизайн саласында қандай мамандықтарға сұраныс көп екенімен ой бөліскіміз келеді. Кейін осы ойларымызды басқа қырынан тарқататын боламыз.
Ерік Қайратбекұлы Қордың миссиясы туралы:
Тек 4-15 жас аралығындағы жас оқырмандарға «Web - аударма» саласына Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі немесе жұмыссыз жүрген педагогтар, арнайы тұрақты табысы жоқ және жалғыз басты ата-аналар және аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан, асыраушысынан айырылған жанұядағы шәкірттерді қатыстыру әрі оларды арнайы оқыту, аударма саласында жасаған еңбектерінің жемісін көруін мемлекеттік қолдау шараларынан тыс шешу бағытында Аякөз, Көкпекті аудандарымен байланыс жасап отырмыз. Бәрі бірден бола қоймайды. Осы бағытта өз басым Семей қаласында N11 мектепте «Ақ қауырсын» үйірмесін ашып, аудармашы және шығармашылық тұлғаларды дайындауға кірісіп кеттік. Төмендегі үндеуіміз Abai.kz сайтына шықты. Жұрт таныс болуы үшін мәтінінен үзінді бере кеткенді жөн көрдік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысын еліміздің Батысындағы Атырауда өткізгені біздің 11 мектептің оқушыларын бей-жай қалдырған жоқ. Бізге ұлтымыздың болашағы болып табылатын шәкірттерге осы Құрылтайдағы Президентіміздің ана тіліміздің республикамыз бен одан тысқары жерде өркен жаюына қатысты ой толғаған төмендегі тезистері: «Келесі мәселе. Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным.
Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық.
Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында.
Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек» үлкен ой салып, қазақ тілін жаңа белестерге көтеруге жетелегені жасырын емес.
Біздің 11 мектептің оқушылар комитеті қазақ тілді медиаконтеті қалыптастыруға қатысты шәкірттер мен студенттер арасында «Жас Алаш Фандаб» қозғалысын өмірге әкелу үшін атсалысуға құрбы-құрбастарымызды шақырамыз. Және туған қаламыз Семейдің «Рухани Астана» мәртебесіне лайықты болу үшін Web аударма саласында өз үлесімізді қосқымыз келеді.
Сол себепті әрбір жоо, колледж бен мектептерде жас аудармашылар комитеті құрылып, қазақ тілінің бағы үшін тәржімалар жасап, ғаламтор кеңістігін ана тіліміздегі контенттермен толтырып, ұлтымыздың мәдени-рухани дамуына өз үлесімізді қосқымыз келетінін мәлімдейміз.
Балалар қазақ балалар әдебиетін даымтуға дайын. Бірақ қоғам соған дайын ба деген ойға қаламыз. Бірінші мәселе балалар әдебиеті мен кино-бейне өнімдеріне қатысты термін мәселесі алдымызды кеседі – бұл бір. Және осы саладағы мамандарды дайындау проблемасы бар. Жұрт арасында бұл екі мәселе мүлдем көтерілмеді деген Еріктің пікірінің жаны бар. Төмендегі ұғым-түсініктер жұрт санасына сіңірілмей балалар әдебиеіт мен мәдениетіне қатысты сөз қозғаудың еш керегі жоқ. Енді ата-ана мен бала білуге қажет терміндерге қысқаша тоқтала кетейік.
Мультимедиа термині латын тілінен мульти — көп және медиа — орта деген сөздердің бірігуінен құралады. Сонымен, Мультимедиа (Multimedia) — компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология.
Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді.
Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар.
Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.
Балалар әдебиетін дамытуға қатысты терміндерді сөз еткенде оның ана тілімізде қалыптасып, жұрт арасында қолданыс табуы бірінші орында тұруы керек.
Орысшасы «Фолловер» атты жаңа сөздің қазақша «Пәлуәші» бола ала ма?-деген мәселенің басын ашып алайық.
Бізде бір жаман әдет кірме сөзді орыс тілі арқылы қабылдау немесе баламалы аударма жасап әлекке түсу. Сонда не америкалық, не британдық айтылым негізінде сөз қабалдауды жолға қоятын кез келген сияқты
Follower амер. |ˈfɑːləʊər| брит. |ˈfɒləʊə| британдық айтылым, яғни, қазақы мәнерде пәлуәші. Фолловер - бұл әлеуметтік желінің пайдаланушысы, ол басқа адамға жазылып, оның аккаунтын қадағалайды. Ағылшын тіліндегі follower «жақтаушысы, ізбасары», follow «», + -er зат есім жасаушы жұрнақтан туындаған.
Ағылшын тілінен аударғанда (follow) «келесі, біреудің артынан келе жатқан» дегенді білдіреді. Сондықтан пәлуәшілер көбінесе белсенді жазылушылар, блогер жанкүйерлері деп аталады. Міне біз балалар әдебиетінің бағы жансын десек, ұлттық төл пәлуәшілер қауымдастығын өмірге әкеліп, солар арқылы аниме, дорма аударатын талантты тәржімашыларды дайындайтын продюсерлік орталықтарды ашуды қолға ала бастадық, - дейді Ерік Қайратбекұлы.
АНИМЕ ([ɐnʲɪ'mɛ] жап. アニメ [anʲime], ағыл. animation – «анимация») — көпшілік жағдайда компьютерлік анимацияға негізделген жапон мультипликациясы.
ДОРАМА – Оңтүстік-Шығыс елдерінің телехикаяттары. Түп төркіні Батыстың «драма» терминінен шыққан.
Түрлі мектептерде аниме, дорма аударатын талантты тәржімашыларды дайындайтын продюсерлік орталықтарды ашқан соң, мектеп қабырғасынан бастап, онда тәлім алған баланы өмірлік азық болатын мамандыққа үйреткеніміз ләзім. Енді балалар әдебиеті мен мәдениеті бойынша жаңа мамандықтардың түрлеріне түсінік бере кетейік.
БЛОГЕР – өз арнасын, сайтты мен беттерін жүргізетін интернет пайдаланушысы.
АНИМАТОР – белгілі бір амал-тәсілдер және технологиялар арқылы мультфильм немесе компьютерлік ойындардың персонаждарының (кейіпкерлерінің) иллюзиялық қозғалысты өмірге әкелуші суретші әртіс.
ДАББЕР ағыл. dubber – өзіне ұсынылған аударманы дыбыс жолағына оқып дыбыстушы.
КЛИПМЕЙКЕР ағыл. – қызықты бейнерөлүк (видеоролик) жасаушы маман.
КОНТЕНТ дегеніміз – оқуға, көруге және естуге болатын кез келген ақпарат.
МУЛЬТИМЕДИА дегеніміз – мәтін, аудио, сурет, анимация немесе бейне т.б. түрлі контенттердің басын қосатын коммуникацияның ерек формасы.
САББЕР ағыл. Sabber – төлтума дыбыстауды қасиетті ана тілімізге (немесе ана тілімізден өзге тілге) аударатын адам.
ФАНДАББЕР ағыл. Fandabber – өзіне ұсынылған (немесе өзі аударған) анимені, дораманы дыбыстаушы.
ФРИЛАНСЕР (англ. freelancer, сондай-ақ еркін суретші) – өнердегі сияқты мультимедиа саласындағы еркін қызметкер.
Осы бағытта біздің арнайы курс: Субтитрші аудармашылар тобы (видеоға аудармаға мәтін дайындайтын тәржімашылар); Мәтіндік аудармашылар тобы (түрлі тақырыптағы кітапты т.б. тәржімашылар); Мангалық аудармашылар тобы (комикске мәтін аударып беруші тәржімашылар); Ән-сазгерлік аудармашылар тобы (видеоклипке қазақша мәтін дайындайтын тәржімашылар); Өлең мен әңгімені саханалау шеберлері және Подкаст-мантаждаушы аудармашылар тобы (видео материалды әлемжеліге тарататын тәржімашылар) дайындауға кірісіп кетті.
Digital-дизайнерлер - сандық дәуірдің сиқыршылары. Виртуалды әлемдер мен визуалды контент жасап, онлайн-ортаны тартымды және ыңғайлы етеді.
Digital-дизайн - бұл жеті негізгі мамандық:
Графикалық дизайнер;
Веб-дизайнер;
UX/UI-дизайнер;
Motion-дизайнер;
3D дизайнер;
Fullstack-дизайнер;
Коммерциялық иллюстратор осыларды қазақи ортаға бейімдеу күн тәртібінде тұр.
Графикалық дизайнер компанияның фирмалық стилін әзірлейді, жарнамалық макеттер мен қаптамаларды жасайды.
Графикалық дизайнер әдемі суретпен ғана жұмыс істемейді, сонымен қатар шығармашылық бейнелердің көмегімен коммуникация және мақсатты аудиторияға қажетті хабарламаны беру міндеттерін шешеді.
Сонымен "Графикалық дизайнер" не істейді:
Компанияның фирмалық стилі: логотип, қаріптер, түс схемасы, графика;
Тауарлар мен қызметтерге арналған қаптама;
Жарнамалық макеттер, баннерлер мен постерлер;
Әртүрлі құрылғыларға арналған бейімделген макеттер;
Анимацияланған элементтер, беттер арасындағы өтпелер;
Суреттер мен суреттерді өңдеу.
Қандай тұлдар (құралдар) пайдаланады:
Adobe Illustrator;
Adobe Photoshop;
Adobe InDesign;
Figma.
Веб-дизайнер сайттар мен қосымшаларды жобалайды. Дизайнердің визуалды шешімдері брендті қабылдау мен сатуға әсер етеді. Ол мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін түсінеді және сайттар құрған кезде оның артықшылықтарына бағдарланады.
Веб-дизайнер не істейді:
Сайттар мен беттеу, қосымшалар мен макеттер;
Әр түрлі құрылғыларға арналған бейімделген макеттер, сайттардың мобильді нұсқалары;
Ыңғайлы интерфейстер;
Күрделі емес анимация, беттер арасындағы өту;
Интерфейстерге арналған мәтіндер;
Фотосуреттерді өңдеу;
Қандай тұлдар пайдаланады:
Figma;
Adobe Photoshop;
After Effects.
UX/UI дизайнер
UX/UI-дизайнер - цифрлық дизайн әлеміндегі негізгі тұлға. Кәсіби ақпарат ағынын пайдаланушылар үшін интуитивті түсінікті және жағымды интерфейске айналдырады. Навигация және визуализация үшін шешімдер жасайды.
UX және UI-дизайн дегеніміз не:
UX - Пайдаланушы тәжірибесі немесе пайдаланушы тәжірибесі.
UI - Пайдаланушы интерфейсі немесе пайдаланушы интерфейсі.
UX-дизайнер веб-беттердегі пайдаланушылардың мінез-құлқын зерттейді, олардың жолын ресурс бойынша жасайды. Ол әлеуетті клиенттің әдеттерін және оның пайдаланушылық тәжірибесін зерттейді.
UI-дизайнер соңғы интерфейстерді, лендингтер мен сайттардың суреттік сұлбасын жасайды. Ол үшін маман UX-дизайнер әзірлеген сценарийлер мен прототиптерді пайдаланады.
UX және UI-дизайн өзара тығыз байланысты, сондықтан жұмыс берушілер екі мамандықты біріктіріп - UX/UI-дизайнер деп атайды.
UX/UI дизайнері не істейді:
Пайдаланушылардың мінез-құлқын зерттейді;
Бәсекелестер мен трендтерді талдайды;
Навигациядан визуализацияға дейін пайдаланушының міндеттерін шешетін сайттар мен бағдарламалардың дизайнын жасайды;
Дизайнды мобильді құрылғыларға бейімдейді;
Аудитория үшін дизайнның қолайлылығын талдайды;
Өнімнің навигациясы мен құрылымын жасайды;
Бизнес-метриканы талдау арқылы өнімді жақсартады;
Құрастырушылар үшін орналасулар жасайды.
Қандай тұлдар пайдаланады:
Figma;
Adobe Photoshop;
Adobe After Effects;
Google Analytics;
Adobe Illustrator.
Motion дизайнер
Motion-дизайнер динамикалық бейнероликтер, анимацияланған элементтер мен арнайы әсерлер, презентациялар жасайды. Бағыт түрлі медиа форматтарды қамтиды: YouTube, TV, кино және жарнама.
Motion-дизайнердің техникалық шеберлігі мен шығармашылық ойлау қабілеті, эмоциялармен жұмыс істеу және бірнеше секунд ішінде месседж жіберу қабілеті ерекшеленеді.
Motion-дизайнер не істейді:
Жарнамалық роликтерді, тұсаукесерлерді әзірлейді және іске асырады;
Кадрмен жұмыс істейді: композиция қағидаттарын пайдаланады, шынайы суреттерді жасайды;
3D модельдері бар озық композицияларды жасайды;
Бейнені монтаждау: өңдейді, визуалды әсерлер мен анимациялар қосады;
Объектілерді анимациялайды: кейіпкерлерді, интерфейстерді, инфографиканы және логотиптерді қоса алғанда, кешенді 2D- және 3D-анимация.
Қандай тұлдар пайдаланады:
After Effects;
Cinema 4D;
Photoshop;
Blender.Design;
Adobe Illustrator;
Premiere Pro.
3D дизайнер
3D дизайнер кино, мультфильмдер, жарнама, ойындар мен иллюстрациялар үшін графика жасайды. Сондай-ақ 3D-баспамен және ғылыми визуализациямен айналыса алады. ZBrush және Blender көмегімен өз кейіпкерлерін «тірі» етеді.
3D дизайнер не істейді:
Кейіпкерлерді жасайды: мимика, шаш, киім және аксессуарлар қосады;
Кейіпкер үшін атмосфералық ортаны генерациялайды;
Түрлі күрделіліктегі 3D-объектілерді фотореалистикалық объектілерді жасайды және үлгілейді;
Негізгі кадрларды, материалдар мен текстураларды жасайды және өңдейді;
Виртуалды кеңістікте сахнаны жарықтандыруды қалыптастырады: қажетті көңіл-күйді орнатады, әртүрлі типтегі шамдармен және шамдармен жұмыс істейді;
Үш өлшемді сахнаны визуализациялайды және кейінгі өңдеуді жасайды.
Қандай тұлдар пайдаланады:
ZBrush;
Dynamesh;
Octane Render;
Blender.
Fullstack дизайнері
Әмбебап маман ретінде веб-сайттар мен қосымшалар жасау үшін дизайнер мен әзірлеушінің дағдыларын біріктіреді. UX/UI дизайн, беттеу және frontend-әзірлеу бойынша сарапшы болып табылады.
Аталған дизайнер веб-ресурстың немесе қосымшаның визуалды және функционалдық құрамдас бөлігін жасайды. Ол тұжырымдамамен және кодты оңтайландырумен жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, әзірлеудің толық циклін орындай алады. Fullstack дизайнері беттеуші (верстальщик) және фронтенд құрастырушысымен түсінікте қызмет етеді
Fullstack-дизайнердің міндеттері жобаға байланысты өзгеріп отырады. Негізінен мамандар төмендегідей міндеттермен : сайт макетін немесе қосымшаны сызу, сәулет жасау, тестілеу және frontend-әзірлеу айналысады.
fullstack дизайнер не істейді:
Сайттарды, пайдаланушы интерфейстерін, дизайн жүйелерін жасайды;
Макеттер мен тұжырымдамаларды әзірлейді;
UX-зерттеулерді жүргізеді және пайдаланушы тәжірибесінің деректерін негізге ала отырып, дизайн жасайды;
Мақсатты аудиторияны талдайды және клиенттің жолының картасын жасайды: тауарды немесе қызметті іздеуден сатып алуға дейін немесе CJM;
Сайттар, лендингтер және презентациялар үшін бейімделген дизайн жасайды;
Интерфейс элементтерін анимациялайды;
Сайттарды беттеу, кодпен және стильдермен жұмыс істеу;
Кроссбраузерлік өнімдерді жасайды;
Дайын шешімдерді ұсынады.
Қандай құралдар пайдаланады:
Readymag;
Figma;
Cinema 4D;
Blender;
Adobe XD;
Tilda;
HTML;
CSS;
JavaScript.
Сөз соңында айтпағымыз, қазақ балалар әдебиеті мен мәдениеті сандық дәуірге өтті. енді соны замана лебіне лайықтау үшін ұлт болып ат салысуға тиіспіз.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz