Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3634 0 пікір 11 Наурыз, 2014 сағат 09:01

«Алаштың ардақтысы - Райымжан»

5 наурызда Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер, қазақтан шыққан тұңғыш адвокат, алаштың азаматы Райымжан Мәрсекұлының туғанына 135 жыл толуына арналған «Алаштың ардақтысы – Райымжан» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Райымжан Мәрсекұлы бүкіл саналы ғұмырын алаштың мұңын жоқтауға, қазақтың рухын көтеріп, беделін арттыруға арнап, туған жер тұтастығы мен ел бірлігін сақтауға өзіндік үлес қосқан адам.

Алаштың аса көрнекті қайраткері, заңгер ғалым қазақ халқының теңдігін, елінің егемендігін аңсаған Райымжан Мәрсекұлы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне жан-тәнімен қызмет етті.

Кеш барысында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, М.Қозыбаев атындағы тарихи-зерттеулер орталығының директоры М.Қарпықов, Абай атындағы әмбебап кітапханасының сирек басылымдар қорының меңгерушісі Ж.Әділбекқызы Р.Мәрсекұлы тұлғасын жан-жақты таныстыратын баяндамалар оқыды.

         Кештің құрметті қонақтары қатарында Алаш ардақтысының ұрпақтары Кәкімжан Хаженұлы, Сара Төлегенқызы да болып, өздерінің аталары туралы кеш ұйымдастырып отырған мұражай ұжымына алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар кеште Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі Г.Еруова, Абай атындағы драмалық театрдың артисі М.Сыдықов Абайдың әндерін шырқап, Р.Мәрсекұлының «Қазақ қайда бара жатыр?» атты мақаласынан үзінді оқылды.

Осы шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері, студенттер, тарихшы ғалымдар қатысты.

Аға ғылыми қызметкер - Ибрагимова

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347