Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Маңызды 3274 5 пікір 5 Қазан, 2024 сағат 13:40

Қадірің артып, құрметің биіктей берсін, асыл ұстаздар!

Көрнекілік сурет qazaq.today сайтынан алынды.

Бүгін ұстаздар күні!

Қазіргі уақыт бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын уақыт. Яғни, қазіргі күні бәсекеге қабілетті болғың келсе, өмір бойы оқу керек! Біліміңді күн сайын жетілдіріп отыру керек! Өйтпесең көштен қаласың...

Дәл бүгінгідей тартысты заманда «өз дегеніңді болдырып, беделіңді сақтап қалу үшін» елге білімді ұрпақ қажет! Ал, ол ұрпақты тәрбиелейтін, мектеп қабырғасынан негізін қалайтын ең алдымен ұстаздар қауымы!

Батыр Бауыржан Момышұлы бүйдейді: «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз».

Осы сөздерден-ақ, мұғалімдер ең әуелі ұлтқа қызмет атқаратын ең маңызды тұлға екенін аңғаруға болар. Иә, ең мықты экономист, ең мықты саясаткер, ең мықты ғалым, ең мықты заңгер, ең мықты құрылысшы, ең мықты идеолог, ең мықты спортшы т.б. қатарлы ең мықты мамандық ол – ұстаз!

Қадірің артып, құрметің биіктей берсін, асыл ұстаздар!

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2581
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 720
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 684