Дүйсенбі, 4 Қараша 2024
Билік 1259 1 пікір 6 Қазан, 2024 сағат 17:34

Қазақстанда АЭС құрылысы: Президенттің стратегиялық жауаптары

Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды.

6 қазан күні Қазақстанда АЭС құрылысын талқылауға арналған көптен күткен референдум өтуде.

Бұл шара ресми Астананың халықтың пікірімен санасып, ортақ мәселені бірігіп шешуді көздеген қадамдарының бірі болып табылады. АЭС құрылысы мәселесі елімізде әртүрлі пікірлер мен алаңдаушылық туғызғаны сөзсіз. Халық арасында қауіпсіздік, экология, және денсаулық мәселелері бойынша сан алуан сұрақтар мен түсініспеушіліктер орын алды.

Референдумға қатысу арқылы қазақстандықтар өз пікірлерін білдіріп, ел тарихында маңызды шешім қабылдауға үлес қосты. Саясаттанушы Нұрболат Нышанбайдың пікірінше, бұл процесс азаматтардың белсенділігі мен демократиялық құндылықтардың дамуын көрсетеді. Ол халықтың референдумға қатысуы өте маңызды екенін атап өтті, бірақ енді нәтижені күту керек екенін де ескертті.

Халықтың пікірі ескерілмей қалмауы үшін, мемлекет органдары мен жауапты тұлғалар референдум нәтижелерін мұқият талдап, алдағы қадамдарды осыған сәйкес жоспарлауы тиіс. Референдум еліміздің энергетикалық болашағы мен экологиялық қауіпсіздігі үшін жаңа кезеңнің бастамасы болуы мүмкін.

«Еліміз бойынша, референдум өтуде. Орталық сайлау коммисиясының мәліметінше, сағат 14.00 мәлімет бойынша, референдумға 6 млн 339 мың адам дауыс берген. Бұл, республика бойынша дауыс беру құқығына ие халықтың 51,77% құрайды», - дейді саясаттанушы.

Нұрболат Нышанбайдың пайымдауынша, енді экзитпол нәтижесін күту керек. Дегенімен АЭС құрылысы мәселесі туралы сұраққа жауап алғанымен ендігі кезекте Қазақстан халқын тағы бір мәселе толғандырып отыр. Бұл мәселеге жауапты мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі берді.

«Халықтың ойында жүрген, негізгі сауалдың бірі, егерде елімізде АЭС құрылысын халық салынсын деп шешсе, АЭС құрылысын кім салады деген сауал? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы сайлау учаскесіне барып, АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді. Журналистер тарапынан, Референдум қорытындысы бойынша халқымыз АЭС салуды қолдаса, оның құрылысын қай ел жүргізеді деген сауалға мемлекет басшысы алғаш рет жауап берді. Үкімет тиісті келіссөздер жүргізіп, ең озық технологияларға негізделген әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс жасауы қажет деді. Бұл дегеніміз, АЭС құрылысын бірнеше белді, кәсіби компаниялардың бірлесіп атқаруына негіз болатын қадам деп білеміз. Бұл тұрғыда, халықаралық консорциумның болуының негізгі үш артықшылығын атап өтуіміз керек. Біріншіден, нақты бір елдің тәуелдігінен аулақ боламыз. Екіншіден, сапаны бақылау бойынша халықаралық МАГАТЭ ұйымының тәжірибесі мен ережесін ескереміз. Үшіншіден, бірнеше елдің кәсіби компанияларының бірлесуі ұлы даланың көпвекторлы сыртқы саясатының энергетикалық саласындағы баламасы іспетті.  АЭС құрылысын, халықаралық консорциум салу бойынша қазірдің өзіңде бірнеше халықаралық тәжірибенің бар екенін ескереміз. Түркиядағы Аккую атом электр станциясын да халықаралық консорциум салып жатыр. Атап айтқанда, реакторларды Ресей, турбиналарды Франция, ал автоматиканы Еуропа жеткізеді»,- дейді саясаттанушы.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қазан күні референдум барысында мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент, ең алдымен, референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты.

Брифинг барысында президент, ең алдымен, референдумның маңыздылығын атап өтті. Ол халықтың қатысуы мен пікірінің демократиялық процестердегі рөлін жоғары бағалады. Референдумның нәтижелері еліміздің энергетикалық саясатын қалыптастыруда шешуші фактор болатынына назар аударды.

Президент өзінің пікірін білдіре отырып, референдумнан қандай нәтижелер күтетінін айтты. Ол халықтың дауысы естілетінін және елдің болашағын бірге құруға арналған шешімдер қабылданатынын айтты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы халықтың қауіпсіздігі мен экологиялық мәселелерге байланысты алаңдаушылықтарын тыңдай отырып, әрбір пікір мен ұсыныстың маңызды екенін атап өтті.

Брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, президент нақты стратегиялар мен жоспарларды бөлісті. Ол референдумның қорытындыларына сүйене отырып, елдің алдағы даму жолдарын айқындаудың қажеттілігін атап өтті. Халықтың активті қатысуы Қазақстанның болашағы үшін маңызды қадам екендігіне сенім білдірді.

Бұл брифинг ел азаматтарының референдумға қатысуының маңыздылығын көрсетіп, мемлекеттік органдардың халықтың пікіріне деген құрметін білдірді. Референдумның нәтижелері мен президенттің айтуынша, алдағы уақытта азаматтық қоғамның белсенділігі мен жауапкершілігі одан әрі артатын болады.

«АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымымды бұған дейін бірнеше рет айттым. Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Атом электр станциясын салу – ұзақмерзімді жоба. Бірақ бұл бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін даярлауға жағдай жасайды. Демек оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді», – деді президент.

Әңгіме барысында Қазақстан президенті «Референдум қорытындысы бойынша халқымыз АЭС салуды қолдаса, оның құрылысын қай ел жүргізеді?» деген маңызды сұраққа жауап берді. Бұл сұрақ ел азаматтарын алаңдатып отырғандықтан, президент жауап бере отырып, мемлекеттік жоспарлар мен халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды.

Ол референдум нәтижелерінің АЭС жобасының болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті. Президенттің пікірінше, халықтың қолдауы жағдайында, құрылыс жобасын жүзеге асыру үшін тәжірибелі және сенімді серіктестермен жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар, ол халықаралық стандарттарға сәйкес қауіпсіздік пен экология мәселелерін ескерудің маңыздылығын жеткізді.

Бұл жауап азаматтарға Қазақстанның энергия саласындағы дамуын қамтамасыз ету жолындағы жауапты шешімдер қабылданатынына сенім артады. Президенттің нақты ұсыныстары мен көзқарасы еліміздің энергетикалық саясатын қалыптастырудағы ашықтықты және халықтың пікіріне деген құрметті көрсетеді.

«Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет. Қалғанын уақыт көрсетеді, – деді мемлекет басшысы.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның АЭС құрылысы халықаралық құқық аясында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы қазақстандық саясаттанушы Пердехан Шәмшиев өзінің ойын білдірді.

Ол атап өткеніндей, еліміздің атом электр станцияларын салу жоспары халықаралық стандарттарға сай болуы және әлемдік тәжірибені ескеруі тиіс. Бұл тек қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық қоғамдастықта Қазақстанның беделін арттырады.

Шәмшиевтің пікірінше, мұндай тәсіл Қазақстанға энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, экологиялық қауіпсіздікті сақтауға және экономикасын дамытуға мүмкіндік береді. Саясаттанушының айтуынша, бұл жоба еліміздің халықаралық аренадағы рөлін нығайтып, стратегиялық серіктестік орнату үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін.

«Ең алдымен мынаны ескеру қажет. Біз халықаралық қауымдастықтың бөлшегіміз. Қазақстан БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің бірі. Сондықтан халықаралық құқық аясында әрекет етеді. Ал атом энергетикасы, АЭС жайлы халықаралық құқық не дейді? Атом энергетикасы бейбіт мақсатта қолданылуы тиіс екенін айтады. Мұны кім бақылайды? МАГАТЭ ұйымы. Ал бұл ұйым атом энергетикасын бейбіт емес, геосаяси мақсаттарда қолдануға жол бермейді. Халықаралық консорциум да халықаралық құқық талабы.

Президенттің «Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет» деген пікірі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген халықаралық құқық аясында жұмыс істейтінінің белгісі. Екіншіден, бұл кейбір белсенді азаматтарымыз айтып жүрген геосаяси тәуекел туралы алып-қашпа пікіріне жауап деуге болады. Қала берді халықаралық консорциум біздің көпжақты сыртқы саясатымызға сай келеді. Оның үстіне қай ел таңдалмасын басты критерий озық технологиясы бар компаниялар қарастырылады. Бұл да геосаяси тәуекелдер туралы әңгімеге нүкте қоймақ»,  дейді саясаттанушы.

Гүлмира Сыздыққызы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 851
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1092
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1036