Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4821 0 пікір 17 Наурыз, 2014 сағат 06:07

АҚШ пен Батыс Қырым референдумының нәтижесін мойындаудан бас тартып отыр

Кеше, яғни наурыздың 16-сы күні Қырымда референдум өтті. Референдум тақырыбы: «Қырымның Ресейге қосылуын жақтайсыз ба, әлде қарсызыз ба?» деген сұрақты қамтыды. Орыс баспасөзінің шұғыл таратқан хабарларына сүйенсек, Қырым халқының 80 пайызы референдумға қатысқан көрінеді. Сөйтіп  93,5 пайыз дауыстың нәтижесінде Қырым РФ-ның құрамына өтетін болып жатыр. Алайда, АҚШ пен Батыс елдері аталған референдумның жарияға шыққан алғашқы қортындысын мойындаудан бас тартуда. Мысалы, Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэл  Баррозу мен Еуропалық кеңестің төрағасы Херман Ван Ромпей екеуі бірігіп жасаған мәлімдемелерінде Қырым референдумы заңсыз деп танылған.

Еуроодақ болса, «Украинаның территориясы туралы мәселені референдум арқылы реттеу Украинаның Конституциясы мен халықаралық құқықтық нормаларға қайшы келеді» деп біледі. 

 АҚШ-тың мемхатшысы Джон Керри де РФ-ның сыртқы істер министрі Сергей Лавропен Қырым мәселесі бойынша әңгімелесіп, АҚШ Қырымның оқшауланғанын мойындамайтынын айтты.

 АҚШ мемхатшысы өз сөзін «АҚШ референдум қортындысын мойындамайды» деп түйіндеді.

Ал, кеше түнде Қырымдағы ахуалға қатысты өз ойын ашық білдірген АҚШ президенті Барак Обама «Референдум Ресейдің әскери қысымымен өтті. Ол және Украина Конституциясына қайшы. Референдум нәтижесін АҚШ пен халықаралық қауымдастық ешқашанда мойындамайды» деді.

Қырым референдумының бүгінгі нәтижесін сондай-ақ Алмания,  Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада және Жапония елінің  ресми тұлғалары: мемлекет басшылары мен сыртқы істер министрлері де  мойындамайтындықтарын ашық мәлімдеуде.

Бүгін Брюссельде Ресей азаматтарын Еуропаға кіргізбеу, сонымен қатар олардың шетел банктеріндегі есеп-шоттарын жауып тастау мәселесі қаралады. Батыс бұнымен ғана шектелмей Ресейге экономикалық санкция жариялауы ықтимал екендігін де ескертті. «Біздің бұлай істегіміз келмейді, әрине, - дейді ФРГ канцлері Меркел ханым, - алайда басқа жол қалмаса, амалсыз әлгіндей әрекетке баруымыз әбден мүмкін».  

Батыс осылайша Қырым референдумының нәтижесінен бас тартып жатқанда ҚазАқпарат агенттігі  - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлескенін  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

 «Британ тарапының бастамасымен өткен телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, соның ішінде Д.Кэмеронның 2013 жылғы шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды.

Әңгімелесу кезінде халықаралық саясат мәселелері, сонымен бірге алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық жөнінде де пікір алмасылды. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың өрістеуіне баса назар аударылды» делінген хабарда. Алайда Украинадағы ішкі саяси жағдайдың өрістеуіне тиісті екі ел басшысының пікірі қай тараптан өрбігені   жайында ҚазАқпараттың хабарында нақты ештеңе айтылмаған.  Ресей сайттарының хабарлауына қарағанда, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен көрінеді.

Abai.kz

Украинадағы 2001 жылғы жалпыұлттық халық санағы бойынша Қырым автономиялы республикасының халық саны 2 024 056 адам болған. Оның ішінде:

Орыс - 58,5 %

Украин - 24,3 %

Қырым татарлары - 12,1 %

Белорусь - 1,4 %,  Армиян - 1,1 %  

Татар - 0,6 %

Еврей, поляк, молдаван, әзербайжан - 0,2 %

Өзбек, кәріс, грек, неміс, мордва, шуаш, сыған, бұлғар, гүржі, марилер - 0,1 %.

Сондай-ақ, Қырымда эстон, қарайым, кырымдықтар, италияндықтар және басқада ұлт өкілдері тұрады.

Назарбаев жоғары деңгейде ұйымдастырылған Қырымдағы референдуммен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі РФ президенті әкімшілігінің kremlin.ru ресми сайтына сілтеме жасап.

"Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. В.Путин мен Н.Назарбаев Украинадағы жағдайға байланысты пікірлерімен алмасты", - делінген сайттағы хабарда.

Хабарда айтылғандай, әсіресе бүгін Қырымда өтіп жатқан референдумға баса назар аударылды деп жазады Tengrinews.kz.

"Оның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы, қырымдықтар үшін маңызды болып табылатын мәселеде тұрғындардың тілектерін еркін білдіру мүмкіндігі қамтамасыз етілгендігі атап өтілді", - делінген мәтінде.

Еске салсақ, 16 наурызда Қырымда автономия мәртебесі туралы референдум өтеді. Сағат жергілікті уақытпен таңғы 8-де дауыс беру басталды; дауыс беру 12 сағатқа созылып, кешкі сағат 20:00- де тоқтатылады.

news.nur.kz

arasha.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036