Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 1571 0 пікір 8 Қазан, 2024 сағат 17:09

Спорт-денсаулық кепілі

Фото: norma.uz

Қазіргі жаһандық қоғамда денсаулық сақтау мәселелері басты назарда. Технологиялардың дамуы мен қалалық өмірдің қарқынды ырғағы адамдардың физикалық белсенділігін төмендетіп, денсаулыққа кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты, спорттың денсаулыққа пайдасы мен оның маңызды рөлі туралы айту аса өзекті. Спорт – тек қана физикалық белсенділік емес, ол адамның жалпы денсаулығын нығайтып, өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін күшті құрал. Спорт – тек дене жаттығулары ғана емес, ол адам өмірін тәртіпке келтіретін, ерік-жігерді күшейтетін, жауапкершілік сезімін арттыратын өмір салты. Спортпен айналысатын адамдар әдетте дұрыс тамақтанып, зиянды әдеттерден аулақ болады. Спорт адамның күн тәртібін дұрыс жоспарлап, уақытты тиімді пайдалануға үйретеді. Спортпен тұрақты түрде айналысу денсаулықты қалыпқа келтіреді.Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – БҰҰ бастамасы аясында 2030 жылға дейінгі кезеңде жаһандық мәселелерді шешуге арналған 17 маңызды мақсаттан тұрады. Бұл мақсаттардың бірі – Жақсы денсаулық және әл-ауқат (ТДМ 3), оның басты мақсаты – барлық адамдарға өмір бойы сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, денсаулық сақтауды жетілдіру және жалпы халықтың әл-ауқатын арттыру.

Дені саудың,жаны сау демекші спортпен айналысқан абзал.Жастар арасында зиянды заттарға әуестік жиі байқалады.Осы орайда жастар арасында өршіген мәселені ескере отыра әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  студенттерімен «Спорт-денсаулық кепілі»тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстелдің  басты мақсаты- жастар арасында адам жанын улайтын (ішімдік,наша,темекі т.б)заттардан алшақ болуын дәріптеу.Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын алкогольдің кесірінен 3 миллионнан астам адам қайтыс болады екен. Іс-шара аясында студенттер ішімдіктен оңай бас тартуға болатын жайттарды айтып өтті. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елінде салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мемлекет арнайы бағдарламаларды жүзеге асырады. Кейбір елдерде алкогольді ішімдік ішуге, сатуға мүлде тыйым салынған. Сонымен қатар, түрлі шектеу түрлері де бар. Мәселен, ішімдік сататын дүкендердің білім ошақтарына жақын болмауы, алкогольді ішімдік сататын күндер мен сағаттарды шектеу, ірі спорттық жарыстар болатын күні алкоголь сатпау. Мұндай шектеулерге қоса ел ішінде ішімдікке қарсы күрес үлгілері де бар.

Жақсы денсаулық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету тек медициналық мекемелердің ғана міндеті емес, ол бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігерін талап етеді. Экологиялық жағдайды жақсарту, ауыз су сапасын көтеру, білім беру саласын жетілдіру, теңсіздікпен күресу – осының барлығы адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Денсаулық – әрбір адамның өмір сүру деңгейін анықтайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Жақсы денсаулық адамға өмірдің барлық саласында табысты болуға мүмкіндік береді.

 

Атаханова Г.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының профессоры;

 Советхан Ш.Д

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығының оқытушысы

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052