«Психологтар көмек көрсетіп жатыр»: Зәкиева Жітіқарадағы трагедияға қатысты мәлімдеме жасады
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қостанай облысында өрттен қаза тапқан балалардың жақындарына психологиялық көмек көрсетілетінін айтты.
«Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06:08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешке танысының үйіне кеткен, ал жұбайы жазасын өтеу мекемесінде. Өңірлік уәкіл оқиға орнында. Психологтар балалардың туыстарына қажетті психологиялық көмекті көрсетіп жатыр. Ата-ана мен жақындарына көңіл айтамын», - деп жазды Динара Зәкиева.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, бүгін таңға жақын Қостанай облысындағы Жітіқара кентінде жер үй өртеніп, өрт сөндірушілер үйден бас баланың мәйітін тапқан. Бас прокурор Берік Асылов оқиғаны бақылауына алды.
Abai.kz