Сенбі, 23 Қараша 2024
Шерзат Болат ісі: 1107 10 пікір 15 Қазан, 2024 сағат 15:40

Күдіктілер 10 адамға жетті һәм марқұмның үйін кім өртеді?

Суреттер: Егемен Қазақстан, ҚазТАГ сайттарынан және видео скрині.

Бүгін Талғардағы қанды оқиға бойынша ҚР ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, Алматы облысының прокуроры Берік Адамов, ҚР ІІМ тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Аисов Қонаев қаласында брифинг өткізді.

«Біз қылмыскердің де, марқұм Шерзат Болаттың әкесінің де жағында емеспіз. Біздің міндетіміз халыққа ҚР ІІМ мен Прокуратура жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын және ешкімнің жазадан құтылмайтынын жеткізу», - дейді спикерлер.

Бірінші: Прокурор: «Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзі қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды.

Екінші: Аталған қанды оқиға бойынша күдіктілер саны 7-ден 10 адамға дейін жеткен. Барлығы 600-ден астам адамдан жауап алынған.

Үшінші: Қылмыстық іс «Кісі өлтіру» және «Тәртіпсіздік» бабтары бойынша қозғалған.

Төртінші: Прокуратура сот процесінің ашық және онлайн өтуін талап ететді.

Бесінші: «Хутарское» ҰҚТ ҚР ІІМ тіркеуінде жоқ. Хасан Қасымбай дәл осы іс бойынша ешқандай статусқа ие емес.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407