Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3613 4 пікір 17 Қазан, 2024 сағат 12:17

Кванттық физика теориясы: Өмірге әсер ететін 7 нәрсе

Сурет Амантай Тойшыбайұлының желідегі парақшасынан алынды.

Кванттық физикадағы діріл барлық нәрсенің энергия екенін білдіреді. Әрбір діріл сезімге тең және дірілдің екі түрі бар. Әрбір сезім оң немесе теріс болуы мүмкін тербелістерді шығарады.

1-ші. ОЙЛАР

Әрбір ой әлемге белгілі бір жиілік береді және бұл жиілік өзінің алғашқы қайнар көзіне қайта оралады, сондықтан егер жағымсыз ойларды, көңілсіздікті, қайғы-қасіретті, ашуды, қорқынышты сезінсең, бәрі өзіңе қайтып келеді. Сондықтан өз ойларыңның сапасына қамқорлық жасау және позитивті ойларды қалыптастыруды үйрену өте маңызды.

2-ші. АЙНАЛАҢДАҒЫ АДАМДАР

Айналаңдағы адамдар сенің діріл жиілігіңе тікелей әсер етеді. Егер өзіңді бақытты, позитивті және шешімді адамдармен қоршасаң, сен де осы дірілде боласың. Егер сен шағымданушылар, дәрігерлер, пессимистердің қоршауында болсаң, абай бол! Шындығында, олар сенің жиілігіңді төмендетуі, және тартылыс заңын өз қалауың бойынша пайдалануға кедергі келтіруі мүмкін.

3-ші. МУЗЫКА

Музыка өте күшті. Егер сен тек өлім, сатқындық, қайғы және тастап кету туралы айтатын музыканы тыңдасаң, мұның бәрі сенің тербелістеріңе кедергі келтіреді. Тыңдап отырған музыканың сөздеріне назар аудар, бұл сенің тербеліс жиілігінді төмендетуі мүмкін. Есіңде болсын: сен дәл нені дірілдейсің соны өміріңе тартасың.

4-ші. КӨРЕТІН НӘРСЕЛЕР

Сәтсіздік, өлім, сатқындық және т.б. сияқты мәселелермен айналысатын бағдарламаны көрген кезде миың оны шындық ретінде қабылдайды және сенің денеңе діріл жиілігіне әсер ететін химиялық заттардың тұтас жиынтығын шығарады. Саған жақсылық жасайтын және жоғары жиілікте дірілдеуге көмектесетін нәрселерді бақыла.

5-ші. КӨҢІЛ-КҮЙ

Үйде болсын, жұмыста болсын, егер сен көп уақытты ретсіз және лас ортада өткізсең, бұл сенің діріл жиілігіңе де әсер етеді. Айналаңды жақсарт, айналаңды ұйымдастыр және тазала. Ғаламға көбірек алуға қабілетті екеніңді көрсет. Бар нәрсеңе мұқият бол!

6-шы. СӨЗ

Егер сен заттар мен адамдар туралы кейіп танытсаң немесе жаман сөйлессең, бұл сенің тербеліс жиілігіңе әсер етеді. Жиілігіңді жоғары деңгейде ұстау үшін басқаларға шағымдану және жаман сөйлеу әдетін жою маңызды. Сондықтан драма мен құрбандыққа барудан аулақ бол. Өмірлік таңдауларың үшін жауапкершілікті өз мойныңа ал!

7-ші. АЛҒЫС

Ризашылық сенің діріл жиілігіңе оң әсер етеді. Бұл сенің өміріңе қалыптастыруға тиіс әдет болмақ. Барлық нәрсеге ризашылықта бол, жақсы және жаман деп ойлағаның нәрселеріңе алғыс айт, тәжірибеңе шүкір ет.

Шүкір ету сенің өміріңде жақсы нәрселердің болуына жол ашады.

Аударма Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5661