Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 905 4 пікір 17 Қазан, 2024 сағат 12:45

Саран, Аягөз, Ақтөбе: Жұрт тағы жылусыз қалды...

Сурет: sputnik.kz / Алексей Мальгавко

Әлгінде жылу маусымы басталмай жатып, Қарағанды облысы Саран қаласында 9 миллиардқа жөндеген қазандық жылу берудің алғашқы күні-ақ, істен шығып, жұрт жылусыз қалған еді.

Премьер-министр Олжас Бектенов сөгіс жариялап, Саран әкімі жауап берген еді. Саранға жылу берілгенімен, енді Аягөз қаласы жылусыз қалып отыр.

Аягөз қаласының әкімдігі де мәселенің дер кезінде шешілгенін мәлімдеді.

Ал бүгін Қарағанды облысындағы Саран қаласы мен Абай ауданындағы Аягөз қалаларынан кейін Ақтөбелік тұрғындар жылулыз қалдық деп дабыл қақты.

«Ақтөбеліктер суық пәтерлерде тоңып жатыр. Жылу барлық көпқабатты үйлерге қосылды, бірақ барлық үйлер бұған дайын емес», - делінген «Диапазон» газетінің сайтында.

Қазақстан жыл сайын жылыту маусымында осындай жағдайға тап келіп отыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2065