Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Не дейді?! 1328 2 пікір 17 Қазан, 2024 сағат 15:35

12 жастан қылмыстық жауапқа тарту: Үкімет бұған не дейді?

Фото: ktk.kz

Қазақстанда қылмыстық жауапқа тарту жасы төмендетілмейді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Бұған дейін Мәжілістің бір топ депутаты балаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған. Алайда Үкімет бұл ұсынысты қолдаған жоқ.

«Жауапкершілікті 12 жастан бекіту балаларды қорғау мен тәрбиелеуге қатысты құқықтық және гуманистік көзқарастарға қайшы келеді. Себебі бұл жаста балалар өз әрекетінің қоғамға қаншалықты қауіп төндіретінін толық түсінбейді», - дейді Олжас Бектенов.

Осы орайда премьер әлемдік тәжірибені мысалға келтірген. Оның айтуынша, Германия, Жапония, Ресей, Финляндия және Ұлыбритания елдерінде қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113