Жұма, 18 Қазан 2024
Аймақ 140 0 пікір 18 Қазан, 2024 сағат 13:32

Жыл соңына дейін Панфилов ауданында ұлттық жобамен 9 нысан іске қосылады

Суреттер Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланса, соның 11-і Панфилов ауданында тұрғызылады, атап айтқанда 9-ы биыл пайдалануға беріледі, 2-еуі – келесі жылға өтпелі жоба.

Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен болған кездесу барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдар айқындалып, құрылыс жұмыстары басталды.

- Жыл соңына дейін Қырыққұдық, Алтыүй, Алмалы, Тұрпан, Ақжазық, Қорғас, Сұптай, Сарытөбе, Аққұдық ауылдарында 9 нысанды қолданысқа береміз, Садыр, Дихан-Қайрат ауылындағы қалған 2 нысанда құрылыс жұмыстары келесі жылы жалғасады, - деді Б. Исабаев.

Жиында айтылғандай, жергілікті бюджет есебінен былтыр Ақкент және Ақарал ауылдарында блокты-модульді медициналық пункттер, сондай-ақ Жаркент қаласында жедел және шұғыл көмек станциясы орнатылсаосы жылы қарашаның соңына дейін Қызылжиде, Керімағаш ауылдарында осындай тағы екі медициналық пункт орнатылып, қолданысқа беріледі.

Сондай-ақ биыл шілдеде Жаркент қаласындағы көпсалалы ауданаралық аурухананың күндізгі стационарының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталдыОсы айдың соңында Шежін ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға беріледі. Әулиеағаш, Нұркент және Алтыүй ауылдарына 3 санитарлық автокөлік сатып алындыАл жылдың соңына дейін ауданның орталық ауруханасы медициналық
құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Нәдек ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынып жатыр, нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Abai.kz

0 пікір