Украина батырына ескерткіш қойыла ма?
Алматы қаласында Ресей әскерилерінің қолынан оққа ұшқан Украина Батыры - мерген Александр Мациевскийге арналған ескерткіш пайда болды.
Басқыншыларға тұтқынға түскен белгісіз солдат окопта темекісін шегіп болып, «Слава Украине» деп айқайлағанда оған оқ жаудырып өлтірген видеоны бәріңіз көрдіңіздер.
Ескерткіште де белгісіз мүсінші мерген Мациевскийді қолына темекі ұстаған қалпында бейнелеген.
Сол видеодағы өлім жазасына кесілген Чернигов облысының 119-шы жеке аумақтық қорғаныс бригадасының 163-ші батальонының мергендер ротасының мергені Александр Мациевскийге өткен жылдың наурыз айында президент Владимир Зеленский қайтыс болғаннан кейін Украина Батыры атағын берді.
Ескерткішті «Демос» қоғамдық ұйымының жетекшісі, бұрынғы имам Turar Kussain өз ақшасына жасатты. Мүсіншінің аты-жөні жария етілмейді- ол анонимді қалғысы келді.
«Ескерткіш украин халқының егемендік пен тәуелсіздік үшін күресін мойындау мен қолдауының көрінісі болды. Бұл қазақтар мен украиндықтар үшін бостандық үшін қанша төлеу керек екенін еске сала алатынына сенімдімін», - деп түсіндірді Тұрарбек.
Қазір ескерткіш уақытша Украинаға гуманитарлық көмек көрсету штабының аумағында, Гурильева көшесі, 106А мекенжайында орналасқан.
Енді Құсайынов мүсінді Украинаның Қазақстандағы елшілігіне «барлық қазақ халқының атынан» сыйға тартпақ.
Маржан Жұмабек
Abai.kz