Дүйсенбі, 21 Қазан 2024
Саңлақ 112 0 пікір 21 Қазан, 2024 сағат 14:08

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Фото: ҚР Спорт және туризм министрлігі

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі туралы ҚР Спорт және туризм министрлігі мәлімдеді. 

Дзюдо: Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен дзюдодан әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Кёрлинг: Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан кёрлингтен аралас командалар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетіп, алғаш рет жаһандық доданың плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Теннис: Зарина Диас Түркияның Кайсери қаласында ұйымдастырылған ITF W50 турниріне қатысып, жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің 224-ші, осы жарыстың 3-ракеткасы Беларусь өкілі Алена Фалейден 0:6, 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.

Аралас жекпе-жек: АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 245 турнирінде Асу Алмабаев (20-2) өнер көрсетіп, бразилиялық қарсыласы Матеус Николауды (19-4-1) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.

Abai.kz

0 пікір