Қазақстан тарихи ескерткіштерді әлемдік деңгейде насихаттауда!
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ билігі бұрынғыдай Кремльге жалтаңдамай, қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын: ұлттық тілімізді; халықтық дәстүрлерімізді; материалдық құндылықтарымызды; әдеби және музыкалық шығармашылығымызды; ежелгі мәдени және тарихи ескерткіштерімізді әлемдік деңгейде насихаттаудың сара жолына түсті.
ЮНЕСО бойынша қазақ елінің небір айтулы мәдени жаһұттары әлем жұртшылығы назарына ұсынылып, ұлтымыздың мәдени-рухани визиткасына айналғаны жасырын емес.
Өзін тәуелсіз елмін деп санайтын, БҰҰ мүше болып табылатын әр мемлекет ең басты орынға өз тұрғындарының күнделікті қарым-қатынас құралы болып табылатын ұлттық тілінің мәртебесін асырып, төбесіне көтереді. КСРО кезінде өз елінде саны 40 пайыздық деңгейге дейін құлдырап, ұлттық азшылыққа айналған қазақтар енді қазір еліміздің 70 пайыз өңірде тек өз ана тілінде ғана сөйлеп, төл мәдениетіміздің көсегесін көгертіп келеді. Өйткені, тіл дегеніміз - әрбір халықтың және оның мәдениетінің басты ерекшеліктерінің бірі.
Қалған 15 пайыз өңірде мемлекет тіліміз бұрынғы отаршыл елден мұраға қалған орыс тілімен кейде үстем, кейде бәсең күй кешуде. Тілге қатысты қазақ билігінің жұмсақ саясаты титулды ұлтқа қарағанда басқа этностар көп тұратын өңірлерде ұларалық жанжалға жол бергізбеді. Біз бұны әлемдік діндер саммитерінен, толерантты тілдік саясатқа құрылған ҚХА жұмысынан айқын көреміз. Елімздегі өзге саны басым диаспора өкілдеріне өз тілін өркендендетуіне қатысты қазақ билігі мен ұлты тарапынан еш қарсылық жоқ деп мақтана сөз ете аламыз. Иә, бұл бүгінгі таңдағы қазақ билігінің әлемге үлгі болатын сардабал саясаты.
КСРО кезіндегідей емес, қазақтар ана тілін өмірдің барлық саласында пайдалануға құқылы. Елімізде қазақ тілі - ҚР-дағы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қазақ қоғамының ерекшелігі - көпұлтты құрам десек те, елімізде тіліне, нәсіліне һәм дін мен діліне қарамай екі үлкен этникалық топқа бөлініп отыр. Яғни, бірінші топқа қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбектер жататын мемлекеттік тілде сөйлейтін қауым. Екіншілері – өз ана тілім деп көршілес РФ мемлекеттік тілін таңдаған орыс, украин, беларус, қазақ т.б. құрылған орыс тілді қауым. Сол себепті, елімізде әрбір этностың ана тілін пайдалануға құқығы бар. Мектептерде оқыту қазақ, орыс, тәжік, өзбек, ұйғыр және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Еліміздегі ірі дисапора болып табылатын орыс, тәжік, өзбек, ұйғырларға өз ана тілдерінде білім алуға қазақ билігі мол мүмкіндік жасап отырған жайы бар.
Осы опайда, елімізде тұратын һәм өз тағдырын қазақ жерімен байланыстырған отандастарымыз қазақтардың салт-дәстүрлері мәдени құндылықтарына түсіністікпен қарауға тиіс. Бұл құндылықтар сан ғасырлар аралығында пайда болып, қазіогі қазақ ұлтының өмір салтында өз қолтаңбалық мөрін мәңгіге басты.
Мемлекет тарапынан орынды дәріптеліп жүрген бір құндылығымыз көшпелі архитектураның жауһары болып оңай бөлшектелетін, тасымалданатын және жиналатын киіз үйіміз болып таыблады. Қазақ даласында көрнекті тұлғаларды еске алатын көптеген кесенелер сақталған. Оларды мемлекетімізді көзінің қарашығындай сақтап келеді.
Abai.kz