Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Зерттеу 2951 10 пікір 23 Қазан, 2024 сағат 12:15

Қазақ тілі үшін бейбіт күрестің кезеңі туды!

Көрнекілік сурет ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Ағайындар полиұлттық демографияның жұлыны үзіліп, моноұлттық демография 1989 жылдан бастап қазақтың пайдасына шешіліп, Алаш топырағы моноұлттық сипатты иелене бастады. Кері сальто тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана сақталып отыр. Әрі онда тұратын халық саны нақты есеп бойынша, 420 мыңнан астам. Ал, көпірме есеп бойынша 571 759 адамды құрайды.

Республикамыздың 20 млн тұрғынның қанша пайызы екенін ескере беріңіз. Енді он жылдан кейін бұл көрсеткіш 250-350 мыңның деңгейіне дейін кемиді. Аталған көрсеткіш дәл қазіргі кезде славяндардың үлесі басым болып тұрған Қарағанды облысының шағын қалаларын да қамтиды.

Республикамыздың солтүстік-шығысы мен орталығындағы үш-төрт жерде ғана қазақтардың саны 17-20 пайызды ғана құрса, қалған жағдайда ұлтымыздың үлес салмағы 35-44 пайыздың аралығына жетіп жығылып отыр. Енді он жылдан кейін 17 пайызды құраған жерлер 40-қа, 35 пайызды құраған жерлер 55 пайызға дейін өседі.

Сонымен қазір қазақ саны биылғы санақ желбуаздантпаса, 78-85 пайызға жетіп қалды деуге негіз бар.

Бұл мәсәле ресми тілден біржола ірге ажыратып, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қай жерде һәм қалай жаппай қолдануға болады деген заңды сұрақты тудырады. Әрі статистиканың құлағын ұстағандар кейбір жерлерде халықтың дұрыс пайыздық есебін бермей отырғандығын байқауға болады. Оның себебі көпұлтты деген девиздерінен айырылып қалады ғой.

Біз енді демократиялық бостандық деп өңеш жырта бермей, «анау кет, мынау кет!» деп айқайға баспай, заңды түрде қазақ саны 50 пайыздан асқан жерлерде тек іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізілсін деген петициялар жазып, өз өңірімізден сайланған депутаттар арқылы депутаттық сауал жолдауды қолға алуымыз керек! Әрі төмендегі аудандар мен қалаларда кино-бейне-теле және баспа өнімдерін шығаратын мегажобаларды қолға алу үшін жер-жерде Үкіметтік емес ұйымдар құрып, бұрын орыс тілді Үкіметтік емес ұйымдарға бөлініп келген қаражатты өзіміз игеруге күш салуымыз керек!

Ең басты талап - қазақ тіліндегі кітаптарға салынатын қосымша құн салығын алғызып, Қазпошта монополия жасап отырған тасымалдау тарифіне өзгеріс енгізуіміз қажет-ақ.

Сонымен бірге кинопрокаттағы діліміз бен дінімізге жат орыс тілді киноөнімдерге тосқауыл қойып, қазақша дубляжі болмаса, көрсетілмесін деген талапты тікелей қоятын кез жетті.

Ресейден ағылған баспа өнімдеріне қазақша аудармасы болмаса ішкі нарығымызда сатылмасын деген шу асаулық та қажет!

Әрі төмендегі біз қазақ санының статистикасын келтірген әр аудан мен әр қала үшін жеке телеарна, дубляж жасау орталықтарын ашу үшін бұрын көзбояушылықпен қазақ тілін оқытуға жұмсалып келген қаржыны кәдеге жаратқан ләзім.

Мемлекеттік тілді тегін оқытатын кез келмеске кетті. Оған жұмсалған ақша қазақ медиажобаларына қаржыландыруға арналуға тиіс. Орыс тілді БАҚ жыртыңдап Үкімет тарапынан бірде ашық, енді бірде жасырын түрде қаржыландыруды доғаратын сәт туды. Орыс тілі Қазақстан мен Орталық Азияда ешкімнің қолдауынсыз-ақ, өз бетімен дами алады.

Қазақ тілі үшін бейбіт күрестің кезеңі туды! Ұлт болып, ашық хаттар мен петициялар жазуды кеңінен өрістетуіміз керек. Сонымен төменде қазақтың үлес салмағы туралы әр облыс бойынша жеке-жеке статистикалық деректер берліп отыр.

Батыс Қазақстан облысының 12 ауданы бар:

1.Ақжайық ауданы 95,4% қазақ
2. Бөкей ордасы ауданы 99,23 % қазақ
3. Бөрлі ауданы 95,4% қазақ
4. Жаңақала ауданы % көрсетілмеген қазақ ауданы
5. Жәнібек ауданы 97,8% қазақ
6. Казталов ауданы 98,8% қазақ
7. Қаратөбе ауданы % көрсетілмеген қазақ ауданы
8. Сырым ауданы 98,4% қазақ
9. Тасқала ауданы 90,42% қазақ
10. Шыңғырлау ауданы 85,2% қазақ

Шығыс Қазақстан облысы Абай облысымен бірге15 ауданы бар:

1. Абай ауданы 99,01% қазақ
2. Аягөз ауданы 95,88% қазақ
3. Бесқарағай ауданы 69,49% қазақ
4. Жарма ауданы 91,83% қазақ
5. Зайсан ауданы 96,93% қазақ
6. Катонқарағай ауданы 79,29 % қазақ
7. Көкпекті ауданы 76,50% қазақ
8. Күршім ауданы 91,41% қазақ
9. Тарбағатай ауданы 99,37% қазақ
10. Ұлан ауданы 70,61% қазақ
11. Үржар ауданы 91,91% қазақ

Солтүстік Қазақстан облысы 5 қала, 4 қала типтес кент және 13 ауданы бар:

1. Ақжар ауданы 78,09% қазақ
2. Уәлиханов ауданы 89,66% қазақ

Алматы облысында (Жетісумен бірге) 17 ауданы бар:

1. Ақсу ауданы 39 212 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
2. Алакөл ауданы 69 938 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
3. Ескелді ауданы 50,5 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
4. Еңбекшіқазақ ауданы 263 907 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
5. Жамбыл ауданы 123 669 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
6. Кеген ауданы тұрғындарының саны % көрсетілмеген қазақ ауданы
7. Кербұлақ ауданы 48 531 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
8. Көксу ауданы мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
9. Қаратал ауданы 47 717 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
10. Панфилов ауданы 63,0 % қазақ
11. Райымбек ауданы 79 182 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
12. Сарқан ауданы 41 089 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
13. Талғар ауданы 174 716 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
14. Іле ауданы 61,5% қазақ

Ақмола облысы 17 ауданы бар:

1.Біржан сал ауданы 63,24% қазақ
2. Ерейментау ауданы 60,71% қазақ
3. Зеренді ауданы 61,14% қазақ
4. Қорғалжын ауданы 87,26% қазақ
5. Целиноград ауданы 77,00% қазақ

Ақтөбе облысы 81,35% қазақтар құрайтын 12 ауданы бар:

1. Алға ауданы 79,1% қазақ
2. Әйтеке би ауданы 93,6% қазақ
3. Байғанин ауданы 99,8% қазақ
4. Қарғалы ауданы 61,2% қазақ
5. Қобда ауданы 19 362 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
6. Мартөк ауданы 61,9% қазақ
7. Мұғалжар ауданы 67 176 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
8. Ойыл ауданы 18 562 мың тұрғыны бар % көрсетілмеген қазақ ауданы
9. Темір ауданы 95% қазақ
10. Хромтау ауданы 73% қазақ
11. Шалқар ауданы 98,6% қазақ
12. Ырғыз ауданы 99,6% қазақ

Қарағанды облысы (Ұлытау облысымен бірге)1 379 061 мың тұрғындарының 51,31% қазақтар құрайтын 9 қала мен 9 ауданы бар:

1. Жезқазған 85 923 мың (2010 жылғы дерек) 60,0% қазақ қазіргі дерек бойынша 97 300 мың
2. Сәтбаев қаласы 61,55 % 2007 жылғы дерек бойынша 70,6 мың тұрғыны бар
3.Балқаш қаласы 59,64 % 2012 жылғы дерек бойынша 75 500 мың тұрғыны бар
4. Қаражал қаласы 70,8% 2007 жылғы дерек бойынша 19,0 мың тұрғыны бар
5. Приозерск қаласы 56,6% 2019 жылғы дерек бойынша 13 253 мың тұрғыны бар
6. Бұқар жырау ауданы 56,79 % қазақ
7. Ақтоғай ауданы 93,6% қазақ
8. Шет ауданы 88,26 % қазақ
9. Нұра ауданы 66,69 % қазақ
10. Қарқаралы ауданы 95,89% қазақ
11. Ұлытау ауданы 93,14% қазақ
12. Жаңаарқа ауданы 92,63% қазақ

Қостанай облысы 886,2 мың тұрғындарының 34,9% қазақтар құрайтын 5 қала 13 кент, 16 аудан бар:

1. Амангелді ауданы 98,46% қазақ
2. Әулиекөл ауданы 51,14% қазақ
3. Жангелді ауданы 99,73% қазақ
4. Қамысты ауданы 50 % астам қазақ
5. Наурызым ауданы 71,49% қазақ

Жамбыл облысының 1043,6 млн тұрғындарының 71,4% қазақтар құрайтын 3 қала, 10 ауданы бар:

1.Тараз қаласында 70% қазақ тұрса, Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қаланың ұлттық құрамы: туралы мүлдем дерек жоқ
2. Байзақ ауданы 84,58% қазақ
3. Жуалы ауданы 89,73% қазақ
4. Жамбыл ауданы қазақ саны 60 пайыздан асқан сияқты
5. Қордай ауданы 62,4% қазақ
6. Меркі ауданы 67,4% қазақ
7. Мойынқұм ауданы қазақ саны 60 пайыздан асқан сияқты
8. Тұрар Рысқұлов ауданы 91,94% қазақ
9. Сарысу ауданы қазақ саны 60 пайыздан асқан сияқты
10. Талас ауданы 81,4% қазақ
11. Шу ауданы 71,72% қазақ

Павлодар облысында 3 қала, 10 аудан бар:

1. Павлодар қаласы қазақтар 50% асты
2. Екібастұз қаласы қазақтар 50% асты
3. Ақтоғай ауданы 75 % қазақ
4. Баянауыл ауданы 89,36% қазақ
5. Ертіс ауданы 58,2 % қазақ
6. Аққулы ауданы 80,9 % қазақ
7. Май ауданы 85,50% қазақ
8. Павлодар ауданы қазақтар 50% асты
9. Шарбақты ауданы қазақтар 50% жуықтады

Түркістан облысының 1043,6 млн 1000, 9 млн тұрғындарының 72,90% қазақтар құрайтын 11 ауданы бар:

1. Түркістан қаласы 62,25% қазақ
2.Шымкент қаласы 65,04 % қазақ
3. Бәйдібек ауданы 96,48% қазақ
4. Қазығұрт ауданы 93,42% қазақ
5. Мақтаарал ауданы 83,22 % қазақ
6. Ордабасы ауданы 94,5% қазақ
7. Отырар ауданы 99,5% қазақ
8. Сарыағаш ауданы 88,5% қазақ
9. Созақ ауданы 99,9% қазақ
10. Төле би ауданы 70% астам қазақ
11. Түлкібас ауданы 70% жуық қазақ
12. Шардара ауданы 96,4% қазақ

Атырау облысы 567,9 мың тұрғындарының 91,8% қазақтар құрайтын 2 қала мен 7 ауданы бар.

Қызылорда облысы 753 148 мың тұрғындарының (2015 жылғы мәлімет) 91,8% қазақтар құрайтын 3 қала мен 7 ауданы бар.

Маңғыстау облысы 678,199 мың тұрғындарының 90,26% қазақтар құрайтын 2 қала мен 5 ауданы бар.

Сондай-ақ:

Алматы қаласы 70% қазақ
Нұр-Сұлтан қаласы 78,18% қазақ
Талдықорған 69,76 % қазақ
Көкшетау 73,27 % қазақ
Ақтөбе 80,12 % қазақ
Атырау 90% астам қазақ
Ақтау 75 % жуық қазақ
Орал 60,18 % қазақ
Өскемен 47,00 % қазақ
Қостанай 44,07 % қазақ
Петропавл 30,00 % қазақ
Қарағанды 36,25 % қазақ.

Қазақ тілін тек қазақи статистикамызды алға тартып, «көп қорқытады, терең батырады» принципіне жүгінетін шақ туды. Енді ұлттықтық қалың ұйқыдан оянып, медиакеңістігімізді бекемдеп, мемлекеттік салық, әскер мен полицияның т.б. қазақша тілін сындырып, билік пен үкіметтің һәм парламенттің бұрынғыдай қырық сылтау айтқызуын доғарып, тек қазақша ғана сөйлеуіне күшке салып, бейбіт шерумен, Ата Заңдағы құқығымызды алға тартып, ел болып жеңіске жетуді мақсат етуіміз қалды. Сонда біз өлген тілін тірілткен еврейлер құрлы бола алмай отырған байғұстықтан құтыламыз. Ұрпағымызға ата-баба тілін аманаттай аламыз.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050