Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 13253 18 пікір 24 Қазан, 2024 сағат 16:11

Қазақ пен Түрік Ресейге суық қабақ танытты

Сурет wfin.kz сайтынан алынды.

«Financial Times» гәзеті: «Түркия АҚШ-тың қауіп-қатеріне байланысты 40 түрлі америкалық тауарларды Ресейге экспорттауға жасырын түрде тыйым салды», - деп жазады.

Иә, Түркия билігі Ресеймен сауда жалғасатын жағдайда Анкара үшін «зардаптар» болатынын ескеріп, АҚШ-тың 40 түрлі тауарын Ресейге экспорттауға тыйым салды.

ТҮРКИЯ 40 ТҮРЛІ ТАУАРДЫ РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ

Соңғы апталарда Түркия өзінің кедендік жүйесін айтарлықтай ретке келтіріп, АҚШ билігінің пікірінше, Мәскеу үшін «өмірлік қажетті» деп саналатын және әскери мақсатта пайдаланылуы мүмкін тауарларды Ресейге жөнелтуді тоқтатты. Бұл тауарлардың iшiнде микрочиптер мен қашықтан басқару жүйелерi бар.

Бұған дейін түрік банктері АҚШ-тың Мәскеумен қаржы операцияларын жүргізетіндерге санкция енгізетін жарлығына байланысты Ресеймен транзакциялар санын күрт азайтқан еді. Ал «Bloomberg» хабарлағандай, Ресей рублінің бағамы бір доллар үшін 100-ге жақындап, төмендеп барады және Мәскеу бұған кедергі келтірмейді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙГЕ САНКЦИЯЛАРДЫ АЙНАЛЫП ӨТУГЕ КӨМЕКТЕСПЕЙДІ

Астана бұл шектеулерді қолдамаса да, Қазақстан аумағын Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін пайдалануға қарсы. Бұл туралы ҚР СІМ басшысының орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.

«Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылған жоқ. Сонымен қатар, біз аумағымыздың санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылуын қаламаймыз», - деп мәлімдеді дипломат.

Оның айтуынша, Астананың ұстанымы барлық мүдделі тараптарға «белгілі және түсінікті». Оған Ресей де, Батыс та түсіністікпен қарайды.

Василенко санкцияларды айналып өтпеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын, өйткені республика «жанама санкциялар болғанын қаламайтынын» атап өтті.

Ол сондай-ақ, Астана мен Мәскеу арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда «проблема жоқ», бірақ «түрлі мәселелер» бар екенін, өйткені екі көрші мемлекеттің қарым-қатынастары ұстанған ұстанымдарына орай «әр түрлі» екенін атап өтті.

Бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Астана Ресейге қарсы санкцияларды қолдамайтынын, бірақ оларды сақтайтынын айтқан болатын.

«Себебі бұл экономикалық тұрғыдан тиімді. Бізде шағын экономика бар, әрине, біз санкциялық қысымға төтеп бере алмаймыз», - деп түсіндірді Жұманғарин.

Өткен жылдың сәуір айында қазақ билігі тауарлардың ЕАЭО шекарасы арқылы өтуіне бақылауды күшейтті, ал қазан айында Ресейге санкцияланған өнімнің 106 түрін экспорттауға тыйым салды.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1431
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3198
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5099