Жұма, 18 Сәуір 2025
Қоғам 1327 0 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 12:48

Алматы: Есірткі жарнамасын таратқандар құрықталды

Сурет kaz.globalnews.kz сайтынан алынды.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі заттарын жарнамалауға қарсы іс-қимылбойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Бірлескен жұмыстың барысында «50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркінжұмыс кестесі, жоғары жалақы» деген мәтінде хабарландыруы бар парақтарды жабыстырып жүрген екі адамның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді.

Аталған адамдарда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі құралдарын өткізу жөніндегі «Телеграм» - арнаға сілтеме жасалады.

Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Қала прокуратурасы азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1999
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4855
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4047