Жұма, 8 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 911 7 пікір 30 Қазан, 2024 сағат 14:58

Шешенстанға жасалған соққы - Қадыровқа берілген ескерту!

Суреттер Википедиядан және РИА Новости телеграм арнасынан алынды.

Шешенбасы Рамзан Қадыровтан маза кетті. Украина дрондары кеше Шешенстанның Гудермесіне ұшып жетіп, дөп соққы жасады. Онда да Гудерместегі Ресейдің арнайы жасақ университетіне дөп тиді.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина дронының университетке дәл тиіп, өрт шыққанын растады. Кейін: «Біз Украинаға бұл шабуылы үшін оңдырмай жауап беретін боламыз. Украина түсінде көрмеген соққыны жасаймыз», - деп жатты.

Гудерместегі университеттің негізі 2013 жылы қаланған. Ал биыл ақпанда Шешенбасы Қадыров университетке Ресей президенті Путиннің аты берілгенін сүйіншілеп айтқан.

Бұл соғыс басталған 2022 жылдан бергі Шешенстан аумағына жасалған алғашқы белгілі шабуыл.

Айта кетейік, соққы жеген нысан майдан даласынан 1000 шақырымнан асатын қашықтықта орналасқан. Әдетте, мұндай қашықтыққа дөп соққы жасауға ұшақ типтес дрондар қолданылады. Мысалы, «Байрактар» немесе сол секілді соққылаушы дрондар.

Шешенстанға жасалған бұл соққы қырып-жойып нәтиже көрсетпеді дегенмен, бұл шабуылдың психологиялық соққысы күшті деуге болады. Қараңыз:

Біріншіден: Соғыс басталған алғашқы күннен армиясын жасақтап, Кремльдің алдына төсеп берген Шешенбасының имиджіне соққы. Қадыровқа: «Біздің дрондар Шешенстанға да жете алады», - деген ескерту болды.

Екіншіден: Ресей аспанын армансыз шарлап ұшып, 1000 шақырым қашықтықта орналасқан, Ресейдің түкпір тылындағы «әскери базаға» дөп соққы жасау мүмкіндігін Украина тағы бір мәрте әлемге паш етті.

Үшіншіден: Украина дроны Шешенстанның Гудермесіне жету үшін Ресейдің кемі бірнеше аймағын аттап өткен. Мысалы, халқы тығыз орналасқан Ставрополь, Краснодар аймақтарын, Ростов облысының аспанынан аман өтіп, ұзақ қашықтыққа ұшып жеткен. Бұның өзі Ресей ПВО-сы қалың ұйқыда екенін немесе Украина дрондарының ПВО-ға алдырғысыз екенін көрсетеді.

Төртіншіден: Әккілік. Әскери сарапшылардың пікірінше, ПВО 200-300 метр биіктіктен басталатын нысандарды мықты көре бастайды. Ал одан төмені «соқыр тұман» аймағы саналады. Демек, Гудермеске жеткен дрондар өте төмен биіктікте ұшып жеткен болуы мүмкін. Осынша ұзақ қашықтықты «жербауырлап ұшып өту» әккілік емей не дейсіз? Ал жол бойында орналасқан Ресейдің «Панцирьлері» мен «Шилкалары» Украина дронын жолдан құлата алған жоқ. Бәлкім ұйықтап жатты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1132
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2357