Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 769 0 пікір 31 Қазан, 2024 сағат 15:10

Әнұранды ауыстыру: Шәкиев пен Жапаров не дейді?

Суреттер forbes.kz және knews.kg сайттарынан алынды.

Қырғызстан Әнұранын өзгертпек. Бұл арада бір айта кетерлігі - Әнұранды өзгертуді парламент спикері Нұрланбек Шәкиев ұсынған. Бұл ұсынысты Қырғыз президенті Садыр Жапаров қолдаған.

Сонымен, Шәкиев не дейді, Жапаров не дейді?

Нурланбек Шакиев, Қырғызстан Парламентінің спикері:

«Қазіргі Әнұран Қырғызстан Кеңес Одағынан енді шыққан кезде қабылданған екен, ал қазір ел дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Сондықтан біз Әнұранды өзгертуміз керек. Ол бүкіл халық бірдей орындайтындай болуға тиіс», – деді.

Садыр Жапаров, Қырғызстан Президенті:

«Әнұранды жаңартқанда тұрған не бар? Қазіргісі осыдан 33 жыл бұрын, ең алғаш тәуелсіздік алған кезде жазылған. Біз мемлекет ретінде толығымен қалыптастық. Әлемге танылдық. 100 жыл өтсе де, қалай азат, тәуелсіздікке жеткенімізді жырлай береміз бе? Неге біз халқымыздың бес мың жылдық тарихы бар екенін болашақ ұрпаққа арнап Әнұран жазбаймыз? Әрине, қазіргі Әнұран да ұмытылмайды. Ол тарихта республикамыздың тұңғыш Әнұраны ретінде қалады», – деді.

Әрі қарай: «Әнұранды ертең өзгерте салайық деп жатқан ешкім жоқ. Әнұранды шығармашыл адамдар, ақындар мен композиторлар дайындап, елге ұсынсын. Көпшілік қолдап жатса, жаңа Әнұран ретінде қабыл алынатын болады.

Әнұранымызды оқушы балалардан ақсақалдарға дейін шырқап тұрса жақсы емес пе? Керек болса, той-концерттерде айтылып тұрса несі жаман?  Әнұранның мазмұны – Мемлекетімізді биікке, азаматтарымызды отаншылдыққа, бірлік пен ынтымаққа шақырып тұруы қажет. Тәуелсіздігімізді ғасырдан-ғасырға сақтап қалайық деген ұранды сөздер болуы керек.

Қытайдың архивтерінде 5 мың жылдық тарихымыз қатталып жатқанын дәлелдедік. Қазір біздің тарихшыларымыз сол архивтерді ақтарып-төңкеріп, Қырғыз тарихын түгендеп жатыр», – дейді Садыр Жапаров.

Қырғыз ағайындардың Әнұранын өзгертеміз деуі еш жаңалық емес. Тап осы қадамға бұған дейін біздің елімізде барған-тын. Қазақстан Әнұраны соңғы рет 2006 жылы өзгертілген. Кеңес Одағы кезінде әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған «Менің Қазақстаным» әнінің сөзін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев өзгертіп, автор ретінде қосылып, жаңа Әнұран деп жария еткені күні кеше ғана еді. Енді бастан өткен жолға қырғыз бауырларда түскелі отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052