Сенбі, 2 Қараша 2024
Даңғыл 424 0 пікір 31 Қазан, 2024 сағат 15:39

Қазақстан мен Катар тарихи құжатқа қол қойды

Сурет: ҚР ІІМ

Министр Ержан Саденов бастаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы Доха қаласына (Катар) іссапармен барды. Сапар аясында Катардың Ішкі істер министрі шейх Халиф бен Хамад Әл Танимен кездесу өтті.

ІІМ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

"MILIPOL QATAR-2024" 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында өткен Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою сапардың басты нәтижесі болды.

Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.

2024 жылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесті. Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан-Катар ынтымақтастығын кеңейту мәселелері, сондай-ақ ағымдағы жылдың басында қол қойылған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді жүзеге асыру барысы талқыланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 291
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 437
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 300