Жұма, 14 Наурыз 2025
Билік 1939 2 пікір 1 Қараша, 2024 сағат 15:15

Президент Тоқаев Францияға барады

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.

Abai.kz

2 пікір