Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Асқанға - тосқан 1683 6 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 12:18

Атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды: «Хутор» бандасы бар ма, жоқ па?

Сурет dalanews.kz сайтынан алынды.

Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі бүгінгі күннің басты жаңалығы – Талғардағы «Хутор» бандасының бастығы деп айтылатын Хасан Қасымбаевтың ұсталуы болды.

Алматы облысы Полиция департаменті «Хутор» ҰҚТ лидері саналатын Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 2 қараша күні Х.Қасымбаев 2021 жылы маусымда А. атты азаматты ұрлталғарап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық жағдайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматы облысыдағы Талғарда болған Шерзат Болат қазасынан кейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та «Хутор» ҰҚТ мен оның лидері делінетін Хасан Қасымбаев туралы көп айтылды.

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобының қатысы бар деген ақпараттар тараған.

Ал ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов: «Хутор» деген ҰҚТ ҚР ІІМ есебінде жоқ, ондай қылмыстық топ жоқ», - деп мәлімдеген.

Хасан Қасымбаев қылмыстық топтың жетекшісі болуы мүмкін екені туралы ақпарат тарағаннан кейін ол бейнеүндеу жариялаған болатын. Онда Қасымбаев ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін айтқан еді. Кейін Х.Қасымбаев «Orda-ға» сұхбат берріп, әлгі «ОПГ-мен» еш байланысы жоқ екенін, Шерзатты танымайтынын айтқан. Сонымен қатар, өзіне қарсы жасалған шабуылдың астары барын айтқан. Оның ойынша бұл істің артында белгілі бір күштер тұруы ғажап емес.

Ал Талғар қаласында болған Ш.Болаттың өліміне қатысты іс 5 бап бойынша тергеліп жатыр.

«Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істерді тіркеп, тергеп жатыр. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жүр», - деглінген еді ресми ақпаратта.

Қазір сот санкциясымен қасақана кісі өлтірді деген күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауға алынған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052