Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
Денсаулық 2778 0 пікір 5 Қараша, 2024 сағат 14:03

Жаңа заң: Дәрігердің қателігі үшін науқасқа ақы төленеді

Фото: ғаламтордан

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заң күшіне енді.

Денсаулық сақтау субъектілері (медициналық ұйымдар және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруға және бірыңғай сақтандыру пулымен сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Сақтандыру шарты Medpul.kz электрондық ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Сақтандыру төлемдері дәрігерлердің байқаусызда жасаған кәсіби қателіктерінен зардап шеккен пациентке төленеді. Өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісін растау және сақтандыру төлемін алу үшін пациентке немесе оның жақын туыстарына (заңды өкілдеріне) денсаулық сақтау мекемесіне жүгіну қажет.

Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болу-болмауы туралы шешімді тәуелсіз сараптама комиссиясы қабылдайды. Оның құрамында сарапшылар, кәсіби медициналық қауымдастықтардың және бірыңғай сақтандыру пулына қатысушы сақтандыру ұйымының өкілдері ретінде тартылатын бейінді мамандар болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1573
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3185
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1177
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1090