Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Бәсе... 670 1 пікір 5 Қараша, 2024 сағат 15:18

Орал: 1,5 млн теңге пара алған сот төрағасы ұсталды

Сурет: qaz365.kz

Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды.

БҚО прокуратурасыеның мәліметінше, сотталушыға қатысты оң шешім шығару үшін сот төрағасы 1,5 миллион теңге пара алған. Руслан Жұмағұловпен бірге тағы екі адвокат ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1-бөлігіне сай, «Пара алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен Батыс Қазақстан бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларымен айналысып жатыр.

Руслан Жұмағұлов 2001-2011 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында қызмет атқарған. 2011-2015 жылдары заңгер болып жұмыс істеді. 2015 жылы Орал қалалық сотының судьясы болса, 2019 жылы қалалық соттың төрағасы болып тағайындалды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050