Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қылмыс 745 2 пікір 11 Қараша, 2024 сағат 11:45

Бішімбаев қашып кетті ме? Құзырлы орган не дейді?

Сурет: Jogargy_sot

Әлеуметтік желіде: «Қуандық Бішімбаев жазасын колонияда өтеп жатқан жоқ, қашып кеткен», - деген қауесет тарады. Осыған орай қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті түсініктеме берді.

«Ол қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр», - деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі. ҚАЖК Бишімбаев нақты қай мекемеде екенін айтпаған.

«Осы жағдай туралы жалған ақпарат таратуға байланысты қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жауапқа тартылады», - деді комитет.

Бұған дейін бірқатар ресейлік телеграм-арна «Бишімбаев қашып кетіпті» деген ақпарат таратқан болатын.

Кейіннен AIRAN редакциясы YouTube-те жариялаған видеода Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатыр деген Ақмола облысы Аршалы ауылындағы колонияға барып, бұрынғы министрді таба алмағанын хабарлаған. Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова экс-министрдің Аршалыда емес екенін растаған. Журналистер Степногорск қаласындағы колонияға да барған, бірақ мекемеден жауап беруге ешкім шықпаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051