Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Бәрекелді! 596 0 пікір 11 Қараша, 2024 сағат 16:18

«Дипломмен - ауылға»: 49 мыңға жуық азамат тұрғын үй жағдайын жақсартты

Фото: pexels.com

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасының арқасында 49 мыңға жуық азамат тұрғын үй жағдайын жақсартты. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған.

«Елдің барлық өңірінде, оның ішінде шалғайдағы өңірлерде халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін мемлекет бірқатар тиісті шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында ауылдарда, оның ішінде шалғай аудандарда жұмыс істейтін мамандар (дәрігерлер, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, инженерлер және т.б.) жылдық 0,01 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікті кредит ала алады. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама аясында 49 мыңға жуық азамат өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты», - деді Роман Скляр жауабында.

Бұдан басқа, оның дерегінше, «Отбасы банк» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2017 жылдан бастап жеңілдетілген ипотекалық кредиттеудің өңірлік бағдарламаларын іске асырып жатыр. Олар бойынша бүгінгі күні 9,8 мыңға жуық азамат жеке тұрғын үй сатып алды.

«Отау» және «Наурыз» бағдарламалары аясында ауылдарда және аудан орталықтарында тұрғын үй сатып алатын азаматтарға салынып жатқан тұрғын үй болмаған жағдайда екінші нарықта тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі берілетінін атап өту қажет. Сонымен қатар банк жүйе құраушы кәсіпорындармен бірлесіп өңірлерде олардың қызметкерлерін тұрғын үй бойынша қолдау көрсетуге бағытталған өңірлік корпоративтік бағдарламаларды іске асыруда», - деді бірінші вице-премьер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053