Жұма, 22 Қараша 2024
Өзекті 773 4 пікір 12 Қараша, 2024 сағат 14:29

Отан қорғау сарбаздар үшін қауіпке айналды ма?!

Сурет adilet-gazeti.kz сайтынан алынды.

«Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті». Ата Заңда жазылған осы бір сөзді қазақ жастары бойына сіңіріп өсті.

Әскерге Отан алдындағы борышын өтеймін деп келген азамат мемлекет қауіпсіздігіне қалай жауапты болса, мемлекет те сарбаз тағдыры үшін жауапты.

Әскер - бұл мемлекеттің қарулы күші. Территориясының бүтіндігінің кепілі. Әскери қызметкерлердің басты мәндеті – елімізді сыртқы және ішкі қауіптерден қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейбітшілікті сақтау. Осы орайда, не себепті біздің бейбіт мемлекетте әскердегі сарбаздардың «жұмбақ өлімі» көбейді деген заңды сауал туындайды.

Басты себеп ретінде – «әскердегі әлімжеттік» айтылады. Ендеше, неге әлі күнге дейін бұл мәселе өз шешімін таппай келеді? Сарап қылып көрейік:

Соңғы уақытта «әскерде көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екінші сарбаздың қазасы туралы ақпарат желілер мен БАҚ-тарда жарияланып жатыр.

Жақында ғана «Оймаша» полигонында оққа ұшқан сарбаздың әкесінің: «Жалғыз ұлымнан айырылдым», - деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды дүр сілкіндіріп, үрейді үдете түсті.

Бұл қайғылы жағдайдан көп ұзамай жатып, «10810 әскери бөліміне жақында ғана барған әскери қызметкер көз жұмды» деген хабар тағы тарады.

Осы мазмұндағы жаңалықтардан кейін Қазақстан қоғамында әскерге деген сенім азайды. Халық өз балаларын, жақындарын әскерге жіберуге тартынып жатқаны және шындық.

Ал ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеология жұмыстары жөнідегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев: «Үрейленетін ештеңе жоқ, әскерде жүрген сарбаздар 24 сағат қадағалауда», -дейді. Егер әскери қызметкерлер 24 сағат қадағалауда болса, не себепті қайғылы оқиғалар саны азаюдың орнына, көбейіп жатыр? Қылмысты оқиғалар қашан тоқтайды, әскердегі әлімжеттік басыла ма, ата-ана көз жасына, сарбаздар өміріне кім жауапты?

Шайх-Хасан Жазықбаев әскери қызметкерлер өлімі мен жаралануының басты негізгі себебі – қару-жарақ және техниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталмауы, қызметтен тыс уақытта болған жол-көлік оқиғасы немесе ауыр сырқаттан, кей жағдайда отбасында болған тұрмыстық мәселелер негізінде суицид деп атаған болатын. Яғни, соңғы уақытта орын алған бұл жағдайлардың 90 пайызы әскери қызметпен байланысты емес дегенді алға тартты. Бұған дейін де Үкімет пен әскери бөлімшелер сарбаздар «отбасындағы жағдайларға байланысты суицид жасайтынын, әскери қызметке қатысы жоқ себеппен қаза табатынын» айтқан еді.

Бірақ марқұм болған сарбаздардың ата-аналары бұл пікірлерге мүлде келіспейді. Ата-аналар «балалары әскерде әлімжеттіктен немесе қысымнан қаза болды» деп күдіктенеді. Соңғы жаңалықтарда әскери қызметкерлердің өзі әскерде бір білместікпен жасалған қателіктің өзіне ауыр жаза қолданатынын, қысым, әскери әлімжеттіктің жиі орын алатындығын айтқан болатын...

Әскери прокуратураның берген дерегі не көз жүгіртсек: 2020 жылдан бері елімізде 270 әскери қызметкер көз жұмған екен. Оның ішінде офицер, мерзімді қызметтегі әскери сарбаз да бар.

«Азаттық» статистикасыне көз салсақ: Төрт жылда 310 сарбаздан айырылатын болсақ, жылына 77 жас жігіт қыршынынан қиылады деген сөз.

Елде әскер мен әскери қызметкерлер туралы суыт хабар көбейген тұста президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне,ең алдымен армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», - деп айтқан болатын.

Бірақ «ulysmedia.kz» ақпарат сайты қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа, ҰҚК Шекара қызметінің бастығы Ерлан Алдажұманов пен Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Еркін Ботақановқа жолдаған сауалдарында нақты жауап ала алмаған. Басқа ведомстволар берген нақты санды көрсетпей, Қорғаныс министрлігінің адам өмірін пайыздармен тұспалдап көрсете салғаны қалай? Адам өмірі-белгілі бір пайыздармен өлшене ме?

Министр Жақсылықов басқаратын ведомствосының жауабы да кереғар: «Әскери қызметшілер асығыс әрекеттер жасайды», -деп жауапкешілікті сарбаздардың өзіне ысырғысы келеді де, тағы бір жауабында «жауапкершіліктен қашпаймыз» деп ақталады» (Бұл ақпарат көзі «ulysmedia.kz» сайтынан алынды).

Аружан Байжан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1448
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3208
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5209