Әскерилердің киімі жаңартылды
Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін бірыңғай түсті және бірыңғай стильдегі далалық киім нысанына көшіру алғаш рет жүзеге асырылды.
Жаңа киім нысаны – жақсартылған функционалдылық пен жайлылық (желден қорғау үшін тік жаға енгізілді, қосымша бөлшектер алынып тасталды, қалталар функционалды болды).
Нысанның бүркемелеу қасиеттерін арттырды. Онда климаттың және аймақтың географиялық ерекшеліктері ескерілді.
Жаңа мата суға, аязға және желге төзімді қасиеттерге ие.
Айырым белгілері енді Velcro типті жапсырмаға бекітіледі.
Капюшоны бар деми-маусымдық далалық куртка және жағасы бар далалық жемпір пайда болды.
Қысқы киім нысанына түбегейлі өзгерістер енгізілді (матаның құрамы өзгертілді, қалың шалбардың функционалдығы жақсарды, жүннен жасалған қалпақ пен құбырша шарф енгізілді).
Әскери басқару органдарына арналған жазғы киім нысанына тактикалық етік (кроссовка) және құм түсті қонышты етік енгізілді.
Жабдықтау нормаларын оңтайландыру жыл сайын 140 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
Abai.kz