Сейсенбі, 3 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 1040 0 пікір 13 Қараша, 2024 сағат 13:37

Ринат Зайытов: Менде дәлел жоқ емес, бар!

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы мәдени объектілердің мәселесін көтерді. 

«Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіндегі мекемелердің айналасындағы даудың тоқтамай тұрғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Қара шаңырағымыз «Қазақфильм» қазір талан-таражға салынып, құруға жақын қалды, Абай атындағы опера және балет театрын кейінгі уақытта мейрамхана қылған фактілер бар. Менде дәлел жоқ емес, бар. Сондықтан айтып отырмын, - деді Ринат Заитов Мәжілістің жалпы отырысында.

Халық қалаулысының сауалына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді.

«Кинематографияға қатысты өзімнің нақты ұсыныстарымды баяндадым. Оның ішінде атқарылып жатқан жұмыстарды сіздердің алдарыңызда таныстырдым. Сұрақтарға жауап беруге дайынмын. Ал, ұйымдарға қатысты сұрақтар болса оны қарауға болады, бірақ жұмысты жоққа шығарып, жаман деп айту, менің ойымша дұрыс емес», - дейді ведомство басшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 851