Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Саңлақ 3075 0 пікір 13 Қараша, 2024 сағат 16:37

Министр: Спортшыларды жан-жақты қолдау керек!

Фото: Спорт министрлігі

Түрлі жарыстардан жүлделі оралған спортшыларды жан-жақты қолдау керек. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер демеушілер тарапынан спортшыларға берілетін сыйақыларға қатысты сұрақ қойды.

«Қазір жеңімпаздар мен жүлдегерлерге пәтер беру мәселесі тиісті заңда ескерілген. Сонымен қатар, басқа да бағалы сыйлықтар бойынша әкімдіктерге хабарласып, спортшыларымызды қолдау бағытында өзара кеңесеміз. Одан бөлек, ірі жарыстардан келген жеңімпаздарға ел азаматтары сыйақы түрінде демеушілік жасап, күтіп алады. Жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларға автокөлік сыйлап, азаматтық танытып жатады», - деді К. Мырзабосынов.

Оның айтуынша, спортшылар бала кезінен жоғары спортқа жеткенге дейін тер төгіп, еңбек етеді. Абыройлы жарыстарда елдің туын жоғары көтеріп келе жатқандар бар.

«Олар патриоттық сезім мен салауатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосып келеді. Менің ойымша, спортшыны жан-жақты қолдау – ол дұрыс», - деді министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1589
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3204
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1190
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1101