Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қоңырау 791 3 пікір 19 Қараша, 2024 сағат 16:51

«Президентті құлату»: Абхазия неге көтерілді?

Коллаж: Abai.kz / Суреттер: РИА Новости, РБК сайттары

Бірнеше күннен бері «ел басшысы қызметтен кетсін» деп көтерілген Абхазия оппозициясының көшбасшысы Адгур Ардзинба алаңдағы халыққа алғысын білдіріп, үйлеріне тарауға шақырды.

«Билік» пен оппозиция арасында 10 сағатқа созылған келіссөз жүріп, қол жеткізілген келісімге сәйкес, наразылар 2024 жылдың 19 қарашасында үкіметтік ғимараттарды босататын болды.

Ал Абхазия дейтін әлемде ешбір мемлекет мойындамаған «ергежейлі елдің» басшысы-президенті Аслан Бжания өз еркімен отставкаға кететінін жариялап, бұйрыққа қол қойды.

«Абхазия Республикасы Конституциясының 65-бабына сәйкес, елдегі тұрақтылық пен конституциялық тәртіпті сақтау мақсатында, Мен Абхазия Республикасының президенті қызметінен кетемін», - деп жариялады Бжания. Аслан Бжаниямен бірге Абхазия премьер-министрі Александр Анкваб та отставкаға кететін болды. Аслан Бжания мен Александр Анквабтан басқа «Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы» Дмитрий Дбар да отставкаға кетеді.

Тараптар қол қойған келісім бойынша, Бжания отставкаға кетуге өтініш береді, ал оппозиция мен наразы халық басып алған үкіметтік ғимараттар босатылады.

Ал Абхазия Парламенті Аслан Бжанияның отставкасы туралы өтінішін қарайды. Қазіргі министрлер Абхазия Республикасының жаңадан сайланған президенті қызметіне кіріскенге дейін өз міндеттерін атқарады.

Абхазияның «конституциясына» сәйкес, «басшының» міндетін қазіргі «вице-президент» Бадра Гунба атқаратын болады. Премьер-министрдің міндетін атқарушы Валерий Бганба болады, ол осы лауазымды бұрын 2018-2020 жылдары атқарған болатын.

Абхазияда жаппай наразылық 15 қарашада «парламент депутаттары» Ресеймен инвестициялық келісімді ратификациялау туралы жобаны қабылдаған кезде басталған. Оппозиция құжатты ратификациялау Абхазиядағы орта және шағын бизнеске теріс әсер етіп, ресейлік бизнесмендерге туристік нысандар салуға мүмкіндік береді деп есептейді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2045