Шымкенттегі су мекемесі: Жұмысымызға кедергі келтірмеңіз, Әкім мырза!
Бүгін Алматыда Шымкентті ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС басшылары мен заңгерлері баспасөз жиынын өткізіп, Шымкент қалалық әкімдігі (әкім – Ғабит Сыздықбеков) тарапынан «рейдерлік» қысым жасалып жатқанын айтты.
25 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан аталған су мекемесі Шымкенттегі 1 млн-ға жуық адамды ауыз сумен қамтамасыз ететін мекеме. Онда 1 мыңға жуық адам жұмыс жасайды екен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Алтын Сапа» сыйлығын алған.
Бухгалтерлік есеп бойынша таза табыспен жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын Еуропалық қайта құру және даму банк (ЕБРР) арқылы 30 млрд теңге несие және жеке инвестиция арқылы 15 млрд теңге тартып, осы күнге дейін су ұңғу және тарату нысандарының санын 150-ге жеткізді. Кеңес үкіметінен келе жатқан, әбден тозған отандық құрылымды 10 жыл бұрын Польша елінен құрылғылар әкеліп, 100 мың текше метрге модернизация жасаған. Қалада 1900 шақырым су құбыр болса, солардың 110 шақырымын жаңалады және су сүзу нысандарына Ұлыбританияның заманауи құрылғыларын орнатқан.
Шымкенттегі кәсіпорын бүгінде Қазақстанда елді сапалы сумен қамтамасыз етуде үлгілі және үздік мекеменің бірі саналады. Астана қалалық ауыз су мекемесі «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС кәсіпорнын тәжірибесін қолданып келеді және аталмыш компания өзге қалалар секілді мемлекеттен субциядия мемлекеттік тапсырыс алмайды. Компания құрылғалы бері 2023 жылға дейін мемлекетке 16 млрд теңге салық төлеген. Биыл 2,2 млрд теңгеге жуық салық төлемекші.
БІЗГЕ ҚОЛДАУ КЕРЕК! ӘКІМ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ БІЗГЕ КЕДЕРГІ ЖАСАМАСЫН!
Анарбек Орман, «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС Бас директоры:
– Шымкент әкімдігі біздің мекемені мемлекетке қайтсын дейді. Біз айтамыз: «Қайсы заң аясында қайтуы керек?», - дейміз. «Мынадай заңды бұздыңдар», - деп атап айтып, көрсетулері керек қой?! Не болмаса: «Мынандай бір кемшілік бар», - десін. Тіпті болмаса: «Мынандай стратегиялық талаптың мынандай пункттеріне сай емессіңдер», - десін. Оны ішкім айтпайды!
Сондықтан, Ғабит Сыздықбеков жеке біреудің мүддесін көздеп отыр деп айыптай алмаймын. Бірақ, осындай үлгілі мекеменің жұмысын тоқтатуға әрекеттер жалғасып жатыр.
Президенттің де, әкімнің де тікелей мүддесі мен мақсаты – халыққа қолайлы жағдай жасау емес пе?! Орысша айтқанда «комфортный условия» дейді ғой... Біз соны күн демей, түн демей жасап отырмыз. Біздің қызметіміз өте жоғары деңгейде. Бір Қазақстан емес, ТМД, керек болса Еуропалық үлгілі мекемеміз.
Біз Шымкентті ауыз сумен қамтып отырмыз. Осыған дейін ешқандай проблема болған жоқ. Бірақ, 5-6 айдан бері тексерістен көз ашпай келеміз.
Біз Шымкентте 1 миллионға жуық халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсетіп жатырмыз. Сапалы сумен қамтамасыз ету, пайдаланылған суларды тасымалдап, оны тазарту қондырғысынан шығарып, табиғи қайтару жөніндегі біздің жұмысымыз барлық көрсеткіш жағынан жоғары деңгейде.
Сөйте тұра, кейінгі кезде небір сылтаулармен орынсыз тексерулер көп. Кейбір БАҚ: «Шымкентте су бағасы қымбаттады», - деп дабыл қағады. Шымкентте тарифті бекітетін біздің кәсіпорын емес қой? Ол тарифті бектетін Монополияны реттеу департаменті, Әкімшілік. Бағаны бекітетін солардың өздері.
Біздің әкімшілік Астана мен Алматыға қарап, тарифті реттеуі керек. Қалалық бюджет қаржы бөліп, ескірген құбырларды бюджет есебінен ауыстыруы тиіс.
Әкімшілік бізге қайта жәрдем берсін. Біз бизнесімізді алға қарай жалғастырайық. Біз жылына 2 млрд теңге салықты бюджетке құйып отырған мекемеміз. Мың адам бізде жұмыс жасап, отбасы, бала-шағасын асырап отыр. Бізге қолдау керек, бізге кедергі жасамасын деп өтінем!
БІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ ТЕКСЕРІСТЕР ҚАШАН ТОҚТАЙДЫ?
Ирина Казаринова, «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС директордың орынбасары:
– Біздің басымызға түскен жағдайды айтпас бұрын, жалпы елімізде сумен жабдықтау мәселесі қай деңгейде деген мәселеге аз тоқталып өткен жөн. Еліміздегі ауыз су құбырларының желісі әбден ескіргені, кейбір аймақтарда құбырлардың 70 пайызға жуығы тозып біткенін Президенттің өзі айтты.
Құбырлардың ескіруі деген не – бұл таза ауыз су алмаймыз деген сөз! Ал құбырларды жаңарту үшін орасан зор қаражат керек. Қарапайым ғана арифметика: 5 жылда ескі тозған құбырлардың ең болмағанда 50 пайыздың деңгейге жеткізу үшін қыруар қаражат керек. Ол ақшаны қайдан аламыз?!
Президент «тариф – инвестиция есебінен» деген бағдарлама қабылдау туралы айтады. Қазірдің өзінде еліміздің бірқатар өңірінде дифференциаланған тариф өсіп жатыр. Соның ішінде Алматыда тариф қымбаттауда. Онсыз тағы болмайды. Бұл бүгінгі күннің шындығы.
Еуропалық қаута құру және даму банкі секілді қаржы институттарымен жұмыс жасау керек. Қазір барлық аймақ осы процесстер туралы айтып жатыр. Автоматизация жасау керек, цифрландыру керек, судың есебін жасау керек. Ал біздің мекеме осының барлығын өзіміз жасап отырмыз!
Жұмысты автоматтандырдық. Судың есебін жасадық. Барлығын цифрландырдық. Біздің осындай жүйелі жұмысымызға қарамастан, кенет тексерістен-тексеріп жасалып жатыр. 5 айдан бері салықты да, қаржыны да, басқасын да жөн-жосықсыз тексеріп жатыр.
Әрине біз бұл тексерістердің барлығын әкім Ғабит Сыздықбековтің тарапынан жасалып жатқан қысым деп есептейміз. Басқа не ойлауымыз керек? Қайта-қайта тексеріс ұйымдастырып, 3 мәрте сотқа беріп, 3 мәрте өз талап-арыздарын қайтарып алып отыр.
ӘКІМДІК БІЗДІҢ МЕКЕМЕМІЗДІ ТАРТЫП АЛА МА ДЕП ҚОРҚАМЫЗ!
Сағатбек Жұман, адвокат:
– Мемлекеттік органдар тарапынан, анықтап айтқанда Шымкент қалалық әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымдық даму басқарымасы біздің мекеменің мүлкін мемлекеттік меншігіне қайтару жөнінде 3 рет талап-арыз беріп, азаматтық іс қозғаған болатын. Ол істер бойынша қазіргі кезде барлық талап-арыздар қараусыз қалдырылып отыр. Талап-арыздаы қараусыз қалдыру туралы талакердің өзі сотқа арыз түсірген. Бірақ бұл мәселе көп айдан бірі қаралды. Біз жақтан да, олар жақтан да көптеген талаптар берілді. Бір жақтан қарсы пікірлер айтылды. Ақырында осындай ұйғарым шығарлып, соттың талабы қараусыз қалдырылды.
Қазіргі таңда сот процесі тоқтап тұр. Бірақ заң бойынша былай: Азаматтық істі қараусыз қалдыру деген сөз – оларға қайдан талап-арыз беруге еш шектемейді. Қазіргі уақытта тап сондай талап-арызды олар сотқа қайтадан берсе, біз онда қайтадан сотқа қатысуға мәжбүр боламыз.
Олардың негізгі талабы – біздің меншігіміздегі мүлікті мемлекеттің меншігіне қайтару. Олар: «Жекешелендіру кезінде заң бұзушылықтар болған», - деп айтады. Бірақ өздеріңізге белгілі жекешелендіру заңы бойынша, оның жетістіру мерезімі деген болады. Бұл 1996-97 жылы жекешелендірілген мүлік. Ол бойынша алты айдың ішінде ғана талап арыз беруге құқылы болатын. Осы заң талабын талапкермен өрескел бұзып отыр. Біздің ойымызша олардың талап-арыз беруге ешқандай негізі жоқ.
Соттың барлығы осы биыл болды. Талап-арыздың барлығы биыл берілді. Бәрі бірнен кейін бірі берілді. Соңғысы осыдан екі апта бұрын қараусыз қалдырылды.
Қазіргі кезде біздің мекемеде екі мемлекеттік мекеменің тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың жүргендеріне 5 ай болды. Біреуі Кірістер департаментті - салық бойынша, екіншісі мемлекеттік аудит басқармасы.
Бұлар бес айдан бері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ешқандай қорытындысын әлі айтқан жоқ. Бізге бермейді. Бұл не деген шектеусіз тексеру?.. Бұл тексерудің де бір себебі болу керек қой. Біздің ойымызша, «тырнақ астынан кір іздеп», бізге күйе жағып, қайтадан бір құйтырқылық ұйымдастырып, біздің мекемемізді алып қоя ма деп қауіптенеміз...
Бұл жеке кампания. Жеке кампанияны қайта-қайта тексеріп жатыр, Жұмыс істеуге кедергі келтіруде. Бізде не шаруасы бар екені түсініксіз жағдай.
Редакциядан: Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстанның әрбір азаматы құқылы. Мақалада аты аталған жекелеген тұлғалар жауап беремін десе, портал бетінде жариялайтын боламыз!
Abai.kz