Сенат ЛГБТ-ға тыйым салатын заңды кейінге қалдырды
Сенат Қазақстандағы ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу бойынша түзетулерді қамтитын заңды қарауды кейінге қалдырды.
4 желтоқсандағы пленарлық отырыстың күн тәртібінде архив ісі мен құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгертулер енгізу туралы заң қамтылған болатын. Алайда ол отырыста қараудан алынып тасталды.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қарау кейінге қалдырылды. Өйткені оның жекелеген нормаларын қосымша пысықтау қажет болды. Осы заңмен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін атап өту маңызды. Сондықтан бұл ауқымды жұмыс пен қосымша уақытты қажет етеді, - деп жауап берді Сенаттан.
Белгілі болғандай, сенаторлар заңды кейінірек қарау туралы шешімге келген.
Сонымен қатар бұл заң балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді де реттейтінін және ол әрқашан салмақты және ерекше көзқарасты талап ететінін ескере отырып, Палата депутаттары заңды кейінірек қарау туралы шешім қабылдады, - деп нақтылады Сенаттың баспасөз қызметі.
Abai.kz