Сәрсенбі, 20 Қараша 2024
Әттең... 93 0 пікір 20 Қараша, 2024 сағат 11:59

Елнұр Бейсенбаев: Қайырымдылық қорының бүкілін тексеріп, ретке келтіру керек

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев  "Біз біргеміз" қайырымдылық қорына қатысты пікірін білдірді.

"Тергеу аяқталғанын күту керек. Сома да қомақты. Әрбір қайырымдылық қорының басшысы халықтан келген әрбір теңге үшін жауапты екенін білуі керек. "Біз біргеміз" қайырымдылық қорының "Amanat" партиясына қатысы жоқ. Қордағы қамқоршылар жас волонтер болды. Бұл үш жыл бұрын болған оқиға. Қазір олар белгілі бір жетістікке жетіп, партия құрамына кірді, лауазымдарға ие болды. Ол кездегі жас балаларды волонтер, белсенді азаматтар ретінде білемін. Пандемия кезінде біз 600 мың азаматқа көмектестік", - дейді депутат.

Бейсенбаевтың сөзінше, халықтың аңқаулығын, сенімділігін қоғамда пайдаланатындар бар.

"Бұл осы қорға қатысты ғана мәселе емес. Ондайлар көп. Бүкілін тексеріп, ретке келтіру керек. Өзім қайырымдылық қорларына көмектесіп тұрамын. Бірақ "Біз біргеміз" қорына ақша жібермедім. Су тасқыны кезінде біз партияның атынан көмектестік", - дейді Бейсенбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1360
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3147
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 4779