Сәрсенбі, 20 Қараша 2024
Аласапыран 125 0 пікір 20 Қараша, 2024 сағат 16:45

Соғыстың 1000 күні: Цифрлар сөйлесін...

Суреттер: ВВС, РБК, Радио Свободы сайттарынан алынды.

Украинадағы соғыстың басталғанына 1000 күннен асып барады. 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей саяси һәм әскери билігінің, РФ Қорғаныс министрлігі Бас штабының жоспары бойынша Украинаға басып кіру – жедел және жеңісті операция болуы тиіс еді.

Алайда, олай болмай шықты. Ұзаққа созылған қанқасап соғыстың жалғасып жатқанына 1000 күннен асты.

Шын мәненде ресейлік Бас штаб жіберген қателіктерінің бірі – ол өз армиясының мүмкіндіктерін асыра бағалап, қарсылас армиясын, оның жауынгерлік қабілеттілігі мен ұрысқа дайындығын жете бағаламағандығы.

Қаза тапқандар санының рекордтық өсімі: Қарашаға дейінгі есептеулер бойынша, Ресейд мен Украинаның шығындары туралы не белгілі?

Цифрларға тіл бітірсек:

– Украинаның 12 мың 162 бейбіт тұрғыны қаза тапты;

– Украина өзінің 16,95% аумағынан айырылды;

– 14 мыңнан астам украиндық Ресей түрмелеріне тоғытылды;

– Ресей мен Украина арасында 58 рет әскери тұтқындармен алмасу орын алды;

– 77 мың 143 ресейлік жауынгер майдан даласында көз жұмды;

– Моблизацияланған 12 мың 867 ресейлік жауынгер өз бетімен соғыс алаңын тастап шыққаны үшін істері сотқа берілді;

– 356 адам Ресей армиясын қарағаланы үшін заңмен қудалауға ұшырады;

– Украинаның Курскіге басып кіргеніне 100 күннен асты.

Бұлтартас фактілер:

– Әуе кеңістігінде Украина аумағындағы РФ авиациясының артықшылығы толығымен жойылды.

– Украинаға Батыс ұсынған дәлдігі жоғары қарудың тиімділігінің күрт құлдырауы орын алды. Мысалға 70 пайызға дейінгі дәлдігі бар «Excalibur» ақылды снарядтары қазір алты пайыз жағдайда ғана нысанаға тиеді.

– Ең бастысы Украина да, Ресейде заманалық жаңа соғыста өз қателіктерінен сабақ ала білді.

Соңғы күндердегі маңызды шешімдер:

– Байден Украинаға Ресей аумағына ATACMS зымырандарымен соққы беруге рұқсат берді.

– Ал Путин Байденнің зымырандар туралы шешімінен кейін, Ресейдің жаңартылған ядролық доктринасын бекітті.

Тағы бір маңызды жағдай бар: Еуропадағы үлкен соғыс әскери істе жаңа технологиялық дәуір басталған сәтте басталды, ол ұрыс қимылдары барысында ұрыс алаңындағы тактиканы өзгертуді және жаңа қатерлермен күресу үшін амалдар мен құралдарды ойлап табуды талап етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1376
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3155
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 4827