Сәрсенбі, 20 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 159 2 пікір 20 Қараша, 2024 сағат 16:50

Путин қол қойды: Ядролық соғыс бастала ма?

Сурет apostrophe.ua сайтынан алынды.

Ресейдің жаңартылған ядролық доктринасы күшіне енді. Ресей президенті Владимир Путин өзгертілген доктринаға қол қойды. Ядролық доктрина Ресейде Кеңестік кезеңнен кейін алғаш рет ауқымды негізде өзгеріске ұшырап отыр. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды

Жаңартылған құжат бойынша, Ресей аумағына қанатты зымырандармен немесе қуатты дрондармен шабуыл жасалса, Ресейдің аумақтық тұтастығына қауіп төнсе, онда Ресей ядролық қаруды қолдануы мүмкін.

Жаңартылған доктринада қосымша тармақтар пайда болды. Оның ішінде ядролық қаруды бірінші болып қолдануға себеп болатын жайттар да жазылған. «Ресей аумағына қарай стратегиялық бомбалаушы ұшақтар, қанатты зымырандар мен ауқымды дрондар ұшып келе жатқаны немесе Ресей аумағына кіргені жайлы ақпарат анықталса, онда Ресей бірінші болып соққы жасауы мүмкін» делінген құжатта.

Ендігі таңда Ресейдің аумағына ғана емес, көршілес Беларусь жеріне шабуыл жасалса да Мәскеу тарапынан шабуыл жасаушыға қарсы ядролық қару қолданылуы мүмкін. Беларусь пен Ресей «одақтас ел» жобасы аясында аумақтарын бірлесе қорғауға келіскен. Ал 2023 жылы Ресей Беларусь аумағына ядролық қару орналастырды.

Тағы бір өзгерісте, былай делінеді: «Ядролық қаруы бар елдің қолдауымен, ядролық емес мемлекеттің Ресейге немесе Ресейдің одақтасына (Беларусьқа) жасаған шабуылы олардың бірлесе жасаған шабуылы ретінде қабылданады».

Ядролық доктринаны өзгертуді сарапшылар Украина соғысымен тікелей байланыстырады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратты растап, ендігі таңда ядролық доктрина бойынша Украинаның батыстық зымырандарды Ресейге қарсы қолдануы Ресей тарапынан ядролық соққымен жауап беруге мүмкіндік беретінін айтты.

Ядролық соққы жасауға қатысты шешімді Ресей президенті қабылдайды. Бұл туралы құжатта нақты жазылған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1376
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3155
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 4823