Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 75 0 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 14:22

Министр: Әуежайлардың өз маркетинг саясаты бар

Коллаж: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Бүгін Үкімет сағатында  Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев әуе билеттерінің бағасына қатысты пікір білдірді.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов салаға жауапты министрліктердің монополияға жол бергенінің кесірінен елде әуе билетінің бағасы негізсіз өсіп жатқанын айтты.

«Әуе билеттерінің бағасы өте жоғары. Біз авиакомпанияларды жиі сынаймыз. Бірақ іс жүзінде негізгі кінәлілердің бірі – Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайгаз». Бүгінгі таңда «Курсив» порталының материалдары бойынша авиаотын бағасы 600 мың теңге болған. Өзбекстанда ол 200 доллардан арзан. Әлемде отын бағасы, оның ішінде ТМД елдерінде 300 мың теңге. Бұл монополиялық жағдай. ҚазМұнайГаз бағаны жоғары ұстап тұруға мәжбүр етеді. Біз өзіміз 600 мың тонна өндіріп, Ресейден 200 мың тонна сатып аламыз. Бұл мәселені қалай шешеміз? Монополияның тиімсіз ұйымдастырудың кесірінен жасанды тапшылық жасап отырсыздар. Бүгінгі таңда баға жоғары. Өйткені әуе билеті құнының 30%-ын жанармай бағасы құрап отыр», - деді депутат.

Министр Алмасадам Сәтқалиев авиаотын импортын әртараптандыру үшін Қытай және Түрікменстан елдерімен келіссөз жүріп жатқанын айтты.

«Ішкі нарықтағы тапшылыққа келсек, Үкіметтің шешіміне сәйкес оператор белгіленді. Сіз нарықты монополияға айналдырдыңдар деп отырсыз. «ҚазМұнайГаздан» басқа ешкім авиа отын өндірмейді. Бағаның өсуіне, бәсекелестікке жатпайтын тәсілдерге жол бермеу үшін монополияға қарсы органдар тарапынан бірыңғай оператор құрылды. Ол «ҚазМұнайГаз-Аэро» деп аталады. Бұл кәсіпорын авиатасымалдаушыларға ғана Көлік министрлігінің шешіміне сәйкес авиаотын жеткізеді. Басқа халықаралық авиатасымалдаушылар импорттық авиаотын сатып алады. Негізінен Ресейден алады. Бірақ басқа баламалар бар. Біз Қытайдан, Түрікменстаннан импорттау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзінше әуе билетінің бағасы әуежайлар жүргізген саясат арқылы қалыптасады.

«Билет бағасына келсек, Көлік министрлігі түсініктеме береді. Дегенмен, авиабилет бағасын «ҚазМұнайГаз-Аэро» тарапынан авиа керосинді жеткізу бағасы қалыптастырмайды. Бұл баға әуежайлардың жанармайды ұшаққа құю қызметінің бағасынан қалыптасады. Бұл бағаның айтарлықтай айырмашылығы бар. Әуежайлардың өз маркетинг саясаты бар. Яғни, сақтау, жеткізу, импорттан әкелу қызметінің құнын қосады. Осы ақпаратты сіздерге де көру керек. Оның бәрін кейін ұсынамыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1518
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3294
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5875