Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 480 0 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 16:01

Су ресурстарын пайдалану: Ұлттық есеп жарияланады

Фото: Pixabay сайтынан алынды

Су саласында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын өз сайтында Қазақстанның су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есеп жариялайтын болады. Жаңа Су кодексінің жобасында аталған норма қарастырылған.

Ұлттық есеп - бұл еліміздің су қорының жай-күйі, қорғалуы және пайдаланылуы туралы өткен күнтізбелік жылға талдамалық есеп.

Онда негізгі өзендердің сулылығы туралы мәлімет, су шаруашылығы бассейндері, өңірлер мен экономиканың салалары бөлінісінде су пайдалануды талдау, су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстардың, оның ішінде мемлекетаралық құрылыстардың саны мен жай-күйі туралы ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ, құжатта су қорын қорғау бойынша іске асырылған іс-шаралар, инвестициялық жобаларды іске асыру және заманауи технологияларды енгізу туралы мәліметтер жазылады.

«Жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар есепті жылдан кейін 1 наурызға дейін есеп беру үшін ақпарат дайындауы тиіс. Ұлттық есеп 1 мамырдан кешіктірілмей жариялануы керек. Бұл Қазақстанның су ресурстарын басқару мен пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1639