Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2024
46 - сөз 817 1 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 19:02

Тұран тұтастығын жаңғырту қажет!

Сурет sn.kz сайтынан алынды.

Осы мәселеге қатысты мен «халықтың өз тарихын қабылдай алуы» деген түсінікті алға тартамын.

Ұлы дала түркілері бұдан да алып мемлекеттер құрған.

Бірақ бүгінгі оның әр мемлекетке шашырап кеткен ұрпақтары сол заманғы «мемлекеттік тұтастығын» қабылдай алмай қалды.

Керісінше, бұлар ондай тұтастықты «өз мемлекеттілігіне қарсы» деп қабылдайды.

Бұл, түркі әлемінің ыдырауы процесінде пайда болған ментальдік, гендік, рухани-мәдени оқшауланумен және олардың өзге мәдениетті өзіне сіңіруімен байланысты.

Және, бұған оларды экспансиялаушы, колонизациялаушы сыртқы күштердің қуаты да ықпал еткен.

Біреулері -исламның ішінде, біреулері - салт-дәстүрі шеңберінде (қазақтар), шығыс түркілері - буддаға, еуропалықтары - христианға еніп, арасы алшақтады...

Сондықтан көп халықтар өздерінің тарихи алып мемлекеттілігін картадан көрген сәтте - әрқайсысы «осы мемлекеттің іргетасы біз» деген позицияда болады.

Сол себепті, ақыр соңында, оған «таласушы туыстары» көп екенін көріп, ол тарихты еске алмауға тырысады...

Бұл астыртын үрдісті сыртқы күштер (Ресей, Қытай, Иран, Араб елдері және т.т.) өте зымияндықпен пайдалануда....

Ол үрдісті Тұран бірлестігі, яғни, Түркі халықтарының саяси одағы құрылуы, оның күшеюі ғана тоқтата алады деп білемін....

Әбдірашит Бәкірұлы, философ

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1639