Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 565 0 пікір 27 Қараша, 2024 сағат 14:43

Әскери-патриоттық тәрбие жолында жаңа қадам...

Сурет ҚР Жазушылар одағы баспасөз қызметінен алынды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен Қазақстан Жазушылар одағының ынтымақтастығы: Әскери-патриоттық тәрбие жолында жаңа қадам
2024 жылдың 26 қарашасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Жазушылар одағы арасында маңызды ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Бұл құжаттың мақсаты – шекарашы сарбаздарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыруға, сондай-ақ әдебиет пен мәдениет арқылы жастарды Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Меморандумға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Фархад Темешұлы Жалмағамбетов және Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Әбдешұлы Құлкенов қол қойды.

Осы келісім аясында тараптар жастардың әскери қызметке және мемлекеттік шекараны күзетуге деген отаншылдық сезімін қалыптастыруға бағытталған түрлі шараларды ұйымдастыруға келісім жасады.

Жаңа меморандум шекарашы сарбаздарды патриоттық рухта тәрбиелеу үшін әдеби кештер ұйымдастыруды көздейді. Сонымен қатар, Жазушылар одағының мүшелері шекарашы жастармен кездесіп, оларды әскери қызметтің абыройлы міндетіне баулып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға көмектеседі.

Сондай-ақ тараптар мектептер мен әскери бөлімдерде әдебиет өкілдерін қонаққа шақырып, олардың шығармашылығы арқылы сарбаздардың рухани дүниесін байытуды жоспарлауда.

Қол қою рәсіміне Жазушылар одағы Басқармасы Төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Часовой Родины – Отан сақшысы» апталық ведомстволық газетінің меншікті тілшісі, майор Манарбек Қарекенов қатысты.

Келелі жиында екі тараптың да ынтымақтастығының маңыздылығы, әсіресе, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде әдебиеттің рөлі ерекше атап өтілді.

Бұл ынтымақтастық меморандумы шекарашы жастарды ғана емес, жалпы қоғамды отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Сондай-ақ, бұл келісім арқылы әскери қызметтің қоғамдағы абыройын арттырып, қазақ әдебиетінің терең рухани күшін пайдалану көзделген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1426