Сәрсенбі, 4 Желтоқсан 2024
Қоғам 437 0 пікір 2 Желтоқсан, 2024 сағат 15:28

Зәкиева: Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу керек

Сурет: Д.Зәкиеваның жаке парақшасынан алынды.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға заңды түрде тыйым салу туралы бастама көтерді.

Ол Ақмола облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы оқиғаны мысал келтірген. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың өлімімен 15 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.

- Осы фактілерді талдай отырып, мен 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды әзірлеу қажет деп санаймын, Әрине, бұл ретте қолдауды қажет ететін отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету бағдарламалары қажет», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1000