Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Енді қайттік?.. 554 0 пікір 5 Желтоқсан, 2024 сағат 18:07

Үкімет теңге тағы құнсызданбас үшін не істейді?

Сурет: Halyq Uni.kz сайтынан алынды.

Күннен күнге құнсызданып бара жатқан төл теңгеміздің жағдай не болмақ?Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңге тағы құнсызданбас үшін не істелінетінін айтты.

Келесі жылға Үкіметтің ең басты мақсаты – бірқатар ірі жобаны іске қосу. Оның ішінде инфрақұрылымдық, өнеркәсіп, жалпы
17 жоба бар. Оларды іске асыруды бастап кеттік. Жақында коммуналдық жүйені жаңғырту бағдарламасы қабылданады. Сондай-ақ биыл көптеген шетелдік қаржы ұйымымен нақты келісімдерге отырдық. Нәтижесінде 2025 жылы біз елімізге шетел валютасында инвестицияны тарту көлемі күрт көбейеді деп есептеп отырмыз. Нәтижесінде бұл валютаның бәрі (доллар) ішкі нарық арқылы өтеді. Сол арқылы жаңа жобаларды қаржыландыратын боламыз, – деді Нұрлан Байбазаров Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, бюджеттегі 2 трлн теңгенің үштен бір бөлігі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бөлінеді.

Сондықтан басты сүйенетініміз – шетелден келетін валюталық инвестиция. Біз осы  осы жұмысты тиісті деңгейде жүргіземіз. Осылайша, шетелдік инвестиция біздің ішкі валюта нарығы арқылы өтеді. Осылайша, біз нарықтағы валюта көлеміне ұсынысты арттырамыз, – деді министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1670