Су - баршаға ортақ мәселе!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасын студенттері тұрақты даму саласындағы жаһандық мақсаттарды талқылауды жалғастырып, Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) 6 – «Су ресурстары және санитария» мәселесіне арналған пікірталас өткізді.
Іс-шара университеттің тұрақты даму бағытындағы бастамалары аясында ұйымдастырылды. ТДМ 6 мақсаты бүкіл әлемде таза суға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, суды үнемдеу және санитария мәселелерін шешуге бағытталған. Талқылау барысында студенттер су ресурстарының жаһандық маңыздылығын және Қазақстандағы су мәселелерін ерекше атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, елдегі негізгі қиындықтардың бірі – су тапшылығы мен суды дұрыс басқармау. Студенттер су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану үшін инновациялық тәсілдерді ұсынды. Олар халықты суды үнемдеуге үйрету, заманауи су тазарту технологияларын енгізу және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеу қажеттігін айтты. «Су – тек ресурстар емес, өмірдің негізі. Біз осы құндылықты сақтау үшін нақты қадамдар жасауымыз керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығын сезінеді. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Оның көбі – балалар.
Кейбір елдердегідей аса қат болмағанмен, Қазақстанда да ауыз су проблемасы бар. Дегенмен еліміздегі жерасты су ресурстары арнайы зерттеліп, оның гидрогеологиялық картасы жасалған. Ол карталарда қай жерден, қандай тереңдіктен, қандай су шығатыны, оның мөлшері мен сол аймақтағы жерасты суларының барша қоры сияқты деректер көрсетілген. Гидрогеология деген – осы жерасты суларының пайда болуын, орналасуын, құрамы мен қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Қоғамдық сана мен жауапкершілікті арттыру – басты міндетіміз,» – деп атап өтті.Пікірталас барысында студенттер су ресурстарын қорғауға бағытталған бірнеше ұсыныстар әзірледі, олардың қатарында:
1.Университет аумағында су үнемдеу бағдарламаларын іске қосу;
2.Тазартылған суды қайта пайдалану бойынша жобалар жасау;
3.Су және санитария мәселелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту.
Кафедра студенттері өздері көтерген мәселелерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Олар бұл бағытта тек университет деңгейінде ғана емес, бүкіл қоғамда өзгерістер енгізуді көздейді. Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер ТДМ 6 аясында нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оны жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. ҚазҰУ әкімшілігі бұл бастамаларды қолдап, ресурстар мен кеңес беру арқылы көмек көрсетуге уәде берді. Бұл шара студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттырып, Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесін арттырды.
Базилова Айгуль Абаевна
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы
Сматуллаев Б.Ғ.
Ертаев Е.Е.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің 4 курс студенттері
Abai.kz