Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 102 0 пікір 9 Желтоқсан, 2024 сағат 13:14

Жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу және адалдықты қалыптастыру

Сурет: farabi.university сайтынан алынды.

Жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, әділеттілік қағидаттарын бұзатын және азаматтардың сенімін әлсірететін жаһандық мәселе. Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы бұл мәселеге үлкен мән беріп, жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бағытында маңызды бастамаларды қолға алуда.

Кафедра оқытушыларының басты міндеттерінің бірі – болашақ мамандарды тек кәсіби тұрғыдан дайындап қана қоймай, сонымен бірге оларды жоғары адамгершілік қасиеттерге, әділдік пен адалдыққа тәрбиелеу.

Оқу ордамызда  «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес күні» қарсаңында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа саясаты» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаев және  елімізге белгілі заң саласының майталмандары  қатысты. Оқу құралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамның ашықтығын нығайтуға арналған. Жоғарыда аталған шара аясында бізде өз тарамыздан студенттерге сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселе екенін түсіндірдік. Қара шаңырақта жемқорлыққа қарсы күресі білім беру сапасын жақсартуға және қоғамның сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл күресте университет әкімшілігі, оқытушылар және студенттер бірлесе әрекет етуі қажет. Жемқорлықтан ада оқу орны тек білім берудің ғана емес, сонымен қатар адалдық пен әділдіктің үлгісі болуы тиіс.

Жемқорлыққа қарсы күрес тек әкімшілік шаралармен шектелмеуі тиіс. Студенттер мен оқытушылар қоғамдастықтың адалдық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мәселен, кез келген құқықбұзушылық туралы хабарлау, әділдік принципін сақтау және бір-біріне сенім арту жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді. ҚазҰУ оқу процесін цифрландыру арқылы жемқорлықты болдырмаудың тиімді жолын тапты. Барлық әкімшілік және академиялық процестер автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі. Бұл жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.Студенттердің жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі өте маңызды. ҚазҰУ оларды белсенді азаматтық ұстанымға шақыра отырып:

  • Кез келген жемқорлық фактілеріне бейжай қарамауға;
  • Өз құқықтарын қорғауға;
  • Әділетсіздікке қарсы ашық пікір білдіруге тәрбиелейді.

Факультетіміздің көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, бизнесте және қоғамдық ұйымдарда адалдық пен әділдіктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бұл болашақ ұрпаққа жемқорлықсыз қоғам құрудың мүмкін екенін дәлелдейді. Кафедра жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде тек білім беру ғана емес, сонымен қатар олардың санасына адалдықтың, әділдіктің және заңдылықтың құндылықтарын сіңіруді мақсат етеді. Бұл – жемқорлықсыз қоғам құрудағы маңызды қадам. Әрбір студенттің адалдыққа деген көзқарасын өзгерту арқылы ғана Қазақстан болашағы жарқын әрі әділ бола алады.

Досумбекова М.Т.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1677