Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Ұят-ай! 2327 2 пікір 13 Желтоқсан, 2024 сағат 11:37

Семей: 2,6 млн еуро желге ұшты...

Сурет: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Семейде қоқысты сұрыптау және бөлек жинау жобасына қатысты тексеріс жүргізуде.

Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы басталған жобаны қала әкімдігі мен Экология министрлігі қолға алды. Алайда жобаны іске асыру кезінде қиындықтар туындады.

— Шетелдік компания 2,6 млн еуроның құрал-жабдықтарын жеткізген. Бірақ әкімдік өз міндеттемелерін орындамай, жабдықтарды орналастыратын ангарды салмаған. Соның салдарынан қымбат құрал-жабдықтар екі жылдан астам пайдаланылмай, ашық жерде сақталды. Бұл оның бүлініп, кепілдігінің жоғалуына әкеліп соқты, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты прокуратура ҚР ҚК-нің 371-бабы 1-бөлігі (салақтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әкімдік те жобаны аяқтау үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1516
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3133
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1129
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1049