Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Билік 621 3 пікір 20 Желтоқсан, 2024 сағат 16:21

Сириядағы жағдай: Астана келіссөздері нәтиже берді ме?

Коллаж: caravan.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі: «Сириядағы соғысты тоқтатуда «Астана процесінің» қатысы жоқ. Сирия мәселесі бойынша «Астана процесі» 2017 жылдан бері 22 рет өткізілді», - дейді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенат отырысында «BES.media» тілшісіне Қазақстанның Сирия бойынша ұстанымы туралы баяндап, Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеу алаңы ретінде «Астана процесіне» баға берді.

«БҰҰ шешімдерін мұқият қадағалаймыз. Бұл Ұйым («Хайят тахрир аш-Шам») Қазақстанның террористік ұйымдарының тізіміне кірмейді. Біз Сириядағы жағдайды және БҰҰ қабылдайтын шешімдерді мұқият бақылаймыз», - деп түсіндірді Әлібек Бақаев.

Сириядағы Асад билігін құлатып, ел билігін қолға алған «Хайят тахрир аш-Шам» АҚШ, Түркия, Ресей және БҰҰ-да «террористік топ» деп танылса, Қазақстанда террористік топтар тізіміне енгізілмеген.

«Астана процесі»

«Жақында болған оқиғаның «Астана процесіне» тікелей қатысы жоқ. Бірақ, егер «Астана процесіне» қажеттілік туындаса, біз оны кепілдік берген елдермен бірге қарап, тиісті шешімдер қабылдайтын боламыз», - деді Әлібек Бақаев.

Астанада Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі процестер өтіп, бүлікшілерге, түрлі топтардың көшбасшыларына, оппозиция мен үкіметке келіссөздер үстеліне отыруға Астана көмектескен еді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1955