Ұшақ апаты. Қара жәшіктер Бразилияға жіберіледі
Ақтаудағы әуе апатын тергеу жөніндегі комиссия апат болған ұшақтың қара жәшіктерін Бразилиядағы орталыққа жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 29 желтоқсанда Көлік министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
«CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар. Бұл мәселе президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer Е190 жолаушылар ұшағы Ақтау маңына құлаған еді. Ұшақта 62 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Олардың арасында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей азаматтары бар. Апаттан қаза тапқан 38 адамның алтауы – Қазақстанның азаматы.
Abai.kz