Бейсенбі, 9 Қаңтар 2025
Алаң 384 0 пікір 8 Қаңтар, 2025 сағат 16:54

Доллар сатып алуға да жаңа заң шығады

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда заңды тұлғаларға бір күнде 50 мың доллардан артық валюта сатып алу үшін құжаттық негіздеме қажет болады.Бұл туралы «EGEMEN FINANCE» телеграм арнасы жазды.

Банкцентркредиттің түсіндірмесіне сүйенсек, яғни:

1. Мақсатты көрсету – валютаны не үшін сатып алғанын дәлелдеу (мысалы, келісімшарт ұсыну).

2. 10 күн ішінде пайдалану – егер доллардың бір бөлігі 10 жұмыс күнінде жұмсалмаса, оны қайта сатуға міндетті.

3. Бірнеше өтінімнің қосылуы – бір күнде бірнеше өтінім берген жағдайда, олардың жалпы сомасы есептеледі.

Сонымен қатар шетел валютасын басқа банкке аударғанда сатып алу күні мен келісімшарт мәліметтерін көрсету міндеттеледі. Егер бұл ақпарат болмаса, банк аударымды орындамайды.

Бұл талаптар валюталық операцияларды бақылау мен ашықтықты арттыруға бағытталған.

Abai.kz

0 пікір