Қысқы Азия ойындары: Қазақстанның жетістіктері...
Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарына 1996 жылдан бастап қатысып келеді. Сол жылы Азиада Қытайдың Харбин қаласында өтті. Ал биылғы ақпан айында бұл көпсалалы спорттық шара тағы да осы қалада ұйымдастырылады. Тарих бойында ұлттық құрама медальдық есепте тек бір рет жеңіске жетті. Толығырақ Olympic.kz материалында.
Азия құрлығында Қазақстан қысқы спорт түрлері бойынша көшбасшылар қатарына кіреді. Әсіресе, біздің спортшылар шаңғы жарыстарында, биатлонда, фристайлда, хоккейде және конькимен жүгіру спортында жоғары нәтижелер көрсетеді. Сондай-ақ медальдар трамплиннен шаңғымен секіру, шорт-трек, бенди, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы және 2011 жылы бір рет өткізілген спорттық бағдарлау жарыстарында да жеңіп алынған.
1996 жылғы бірінші қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы медальдық есепте екінші орынға шықты, сол сәтте отандастарымыз Жапония мен Оңтүстік Кореяны артта қалдырды. Біздің спортшылар 14 алтын, 9 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Бірнеше рет бірінші орынға Людмила Прокашева (конькимен жүгіру), шаңғышы Павел Рябинин, биатлоншылар Дмитрий Пантов, Валерий Иванов және Инна Шешкиль көтерілді.
1999 жылғы Канвондода өткен (Оңтүстік Корея) Азия ойындарында Қазақстан құрамасы медальдық есепте үшінші орынға түсіп, жалпы 10 алтын, 8 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Айта кету керек, биатлонда біздің спортшылар жекелей сында бірінші орынға қол жеткізе алмады. Тек эстафеталық жарыстарда жеңіске жетті. Ал шаңғышылар, аңызға айналған Владимир Смирновтың жетекшілігімен, жалпы алты мүмкіндіктің бесеуінде алтын медаль жеңіп, негізгі жүлделерді ұтып алды.
Қазақстан алғаш рет 2003 жылы Жапонияның Аомори қаласында өткен Азия ойындарында медальдық есепте үздік үштіктен шығып қалды. Нәтижесінде 7 алтын, 7 күміс және 6 қола медальға ие болды. Осы жарыстарда биатлоннан тек бір медаль алынды. Әйелдер эстафетасында қазақстандықтар үшінші орынға тұрақтады. Алайда, шаңғышылар керемет өнер көрсетті. Олар 7 түрлі дисциплинадан 6 алтын медаль ұтып алды. Сол жылы алғаш рет могулшыларда де мінберге көтерілді. Ирина Кормышева екінші орынды, Иван Сидоров үшінші орынды иеленді.
2007 жылғы Чанчунеде (Қытай) өткен Азия ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды. Осы мультиспорттық шараның нәтижесінде Қазақстан барлығы 6 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль алды. Бұл жолы шаңғы жарыстары мен биатлоннан Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті.
Қазақстан үшін ең сәтті өткен Азия ойындары 2011 жылы Алматы мен Астанада ұйымдастырылды. Бұл жолы ұлттық құрама медальдық есепте алғаш рет көшбасшы ретінде жарысты аяқтады. Қазақстандық спортшылар 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы барлық спорт түрі бойынша медальдар жеңіп алды. Бірінші рет фристайл-могул, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысынан жүлделерге қол жеткізді. Үш жылдан кейін 2011 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тен 2014 жылғы Олимпиадада тарихты жаңартты. Сондай-ақ 2018 жылы Юлия Галышева да могулда үшінші орынға көтеріліп, өзін көрсете білді.
Ең соңғы Азия ойындары 2017 жылы Саппоро (Жапония) қаласында өтті. 2011 жылғы Азия ойындарымен салыстырғанда Қазақстанның нәтижесі сәтсіз болды. Тағы да төртінші орын және барлығы 9 алтын медаль. Сонымен қатар, біздің спортшылар 11 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды.
Жапониядағы Азия ойындарында биатлоншылар ең көп алтын медаль ұтып алды. Айта кету керек, Қазақстан құрамасының нәтижесі жақсырақ болуы мүмкін еді, себебі Саппорода шаңғы жарыстарының негізгі командасы қатысқан жоқ. Спортшылар әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетуге бет бұрғандықтан, шаңғышылар Азия ойындарын тек бір ғана алтын медальмен аяқтады.
Жеті жылдан кейін қысқы Азия ойындары халықаралық жарыс күнтізбесіне қайта оралады. Осы уақыт аралағында Қазақстан құрамасы көптеген қарсыласқа есе жіберіп келген спорт түрлері бойынша мықты спортшылармен толықты. Сондықтан Харбинде үздік үштікке кіру - шынайы мақсат.
Abai.kz